Ел бірлігіне нық қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде кезектен тыс сайлау туралы шешімді хабарлағаны бәрімізге белгілі.
Бұл – еліміздің болашағы үшін өте маңызды әрі ең қажетті қадам. Тәуелсіздігі мен бірлігі, ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан қазақ елінің алға басқан қадамының дамуын нығайтып, жоспарлаған мақсаттары үшін өз уақытында дұрыс қабылдаған шешім екендігіне сенімдімін.
Қазақ елінің тыныс-тіршілігі, әр жасаған игілікті істері бүкіл әлем назарында. Олай болса, ел бірлігі мен татулығы, болашағымыздың шұғылалы да жарқын күндері үшін еліміздің әр азаматы ойланып, шешім қабылдайтын күн жақын.
Сайлау кезінде әр азаматтың шешімі – ел болашағы екендігін ұғыну қажет. Жан-жақты дамыған, бірлігі мен өзге елдерге үлгі болған қазақ елінің әрбір сайлаушысы белсене араласып, мызғымас бірлігімізді көрсетіп, бұл шешімді қолдайды деген ойдамын.
Төребай ШЕРМАХАНОВ,
Ыбырай Алтынсарин атындағы
№204 мектеп директоры