Цифрлық сауаттылық дамуға серпін береді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында адами капиталды жаңғыртуға баса назар аударылған. Соның ішіндегі бірінші міндетте «Қазақстан индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген болатын. Иә, бүкіл әлем өркениет көшіне қадам басып, түрлі жаңалықтар ойлап тауып жатқан тұста қазақ халқы да жаһандану дәуірінде жұрттың соңында қалмауы тиіс.
Қазіргі таңда әлемнің ақпарат кеңістігі дамып, түрлі өнертапқыштардың жасап жатқан дүниелері адамзатты таң қалдырып отыр. Мәселен, төрткүл дүниені аузына қаратып отырған Илон Маск, Джек Ма, Билл Гейтс, Марк Цукерберг сияқты IT саласының үздіктері тамаша туындылар жасап жатқаны мәлім. Ал жапон және сингапур ғалымдары түрлі роботехника, нанотехнологиясымен дүниежүзінің алдына шығып кетті.
Бірде қазақтың ең мықты математиктерінің бірі Асқар Жұмаділдаев ағамыз: «Қазақтың тілі ғылымда ешқандай рөл ойнамай отыр. Қазақтың тілін әдебиет пен мәдениетке ғана емес, жаңа технологияға да енгізуіміз қажет. Сол кезде біздің бай тілімізде бүкіл әлем сөйлейтін болады», – деген еді. Түсінген жанға жаны бар сөз. Сондықтан, Елбасымыздың айтып отырған мәселесі осы бағытқа жол сілтейді. Жаңа заманға – жаңа мүмкіндіктермен бару дегенге саяды деген ойдамын. Көшбасшымыздың алыстан ойлайтын жоспары да қазақ баласын технологияның құлағында ойнатуды көздейді.
Қызылорда облысының көлемінде де цифрлы технологияларды медицина, құрылыс, білім беру, қызмет көрсету секілді салаларда кеңінен қолданып келеді. Жуырда облыс әкімдігінің қолдауымен ақпараттық технологияларға қызығушылығы бар жергілікті жастарға арнап «HackDay» конкурсы өтті.
Сонымен қатар аймақ басшысының бастамасымен алғашқы аймақтық «SmartCity» концепциясы бойынша жұмыстар жүргізіліп, IT саласын жандандыру мақсатында өңірлік кеңес құрылды. Осының барлығы Сыр өңіріндегі жаңа технологияға деген жастардың қызығушылығын арттыратыны айқын.
Біздің Қазалы ауданының зерек жастарында IT саласына бейімдейтін зияткерлік орталықтар ашып, өнертапқыштар клубы жасақталса, Президентіміз көтеріп жатырған мәселемен дәлме-дәл ұштасатынына сенімдімін.

Кенжетай Шамшадинов,
аудандық білім бөлімінің ақпараттандыру
саласы бойынша әдіскері.
аудандық білім бөлімінің ақпараттандыру
саласы бойынша әдіскері.