Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық артатын болады

Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық артатын болады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды egemen.kz
 Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақ дамуын, сонымен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Министрлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастырды.
Cыртқы саясат ведомстволарының басшылары Каспий теңізі өңірін дамыту мәселелері бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіруге баса назар аударды.
Сонымен қатар, тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен ИИР сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.
Бүгін Иранның Сыртқы істер министрі сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады.



07 сәуір 2021 ж. 7 292 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 159

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 124

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031