Жаңғыру жолындағы салмақты саты

Содан бері латын әліпбиінің бірнеше нұсқасы жасалынып, назарға алынды. Барлық дерлік мекеме, ұйымдарда, түрлі сала қызметкерлері мен халық арасында бұл мәселе кеңінен талқыланып, қолдауға ие болды. Соңғы нұсқасы көпшіліктің «келісіп пішкен тоны» деуге негіз бар. Яғни ол келте болмайды.
Басылым беттеріндегі мәліметтерге сүйенсек, латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылған. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданады. Демек, бұған дейін де біз латын әріптерімен жазғанбыз, енді қайта меңгеру біз үшін қиындық тудырмайды деп сенемін.
Латын әліпбиіне көшу – еліміздің рухани жаңғыру жолындағы салмақты сатысының бірі болмақ.
Бектас БЕКЕТОВ,
Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектеп
директорының орынбасары.