Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер талқыланды

Маңызды мәселелер талқыланды

2020 жылдың 21 ақпан күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары,қала, кент, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссия отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. «Аудандық қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсету жайы» туралы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының 2017 жылғы 19 мамырдағы №8 қаулысының орындалуы;
2. Аудандық полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті орнату жөніндегі және қылмыстың алдын алу профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстарының жайы туралы;
3. Қызылқұм және Тасарық ауылдық округтері бойынша «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы туралы.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебай, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Әбсұлтанов, Әйтеке би кентінің әкімі Қ.Орынбасаров, екінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Е.Жүрсінбаев, үшінші мәселе бойынша Тасарық ауылдық округінің әкімі М.Сұлтамұратов,, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі О.Мүсілім хабарлама жасады.
Хабарламашыларға аудандық мәслихат депутаттары тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Отырыс соңында қаралған мәселеге байланысты депутаттардың дауысқа салу қорытындысымен тиісті қаулы қабылданды.
24 ақпан 2020 ж. 1 052 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031