Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХІІІ сессиясы шақырылды. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Н.Имандосов төрағалық етті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Қазалы ауданында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жайы және кәсіпкерлерді қолдау шаралары туралы.
2. Қазалы ауданында халықты жұмыспен қамту барысында атқарылған жұмыстар, жұмыссыздықты жою шаралары туралы.
3. Аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау және жастар саясаты жөніндегі» тұрақты комиссиясының есебі.
4. “Қазалы аудандық мәслихат аппараты” мемлекеттік мекемесінің “Б” корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы.
5. «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №146 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
6. Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Абай ауылындағы көшені қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы.
7. Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің кейбір көшелерін қайта атау, көшелерге атау беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы.
8. Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына Қазалы ауданы, Тасарық ауылдық округі, Отгон елді мекенін қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы.
9. Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы.
10. 2018 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
11. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы.
12. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
13. Аудандық мәслихаттың келесі ХХІV сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші, тоғызыншы мәселелер бойынша Қазалы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Боранқұлов Жарқын Ержігітұлы, екінші мәселе бойынша Қазалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бекмамбетов Мұратбек Тоқтамұратұлы, үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау және жастар саясаты жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасы Әліш Ғазиз Әлмамбетұлы, төртінші мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы Назымбеков Күнтілес Айдарбекұлы, бесінші мәселе бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы, алтыншы, жетінші, сегізінші мәселелер бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Лайық Айгүл Бөкенбайқызы, оныншы мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бердалиев Файзулла Тағыбергенұлы, он бірінші, он екінші мәселелер бойынша аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сейітов Еркін Нұржаубайұлы хабарлама жасады.
Хабарламашыларға аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков, аудандық мәслихат депутаттары Қ.Әлімбай, А.Сарабеков, Қ.Мәмбетжан, Ғ.Әліш, Ж.Көләнова, Қ.Қожалепесов өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Он үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаты Б.Ізмағанбетов аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағалығына №1 Рысқұлбеков сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ізбасқанова Лаззат Шманқызының кандидатурасын ұсынды. Бұл ұсынысқа депутаттар бірауыздан қолдау білдірді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге тиісті шешімдер қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
11 сәуір 2018 ж. 3 723 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930