Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құмға сіңген қаражат

Құмға сіңген қаражат

Бірде жақын араласатын ағайындар бас қосқан жерде кенттің бірқатар орындары қараусыз қалып, жағдайы кетіп тұрғаны туралы әңгімені құлағым шалды. «Мың рет естігенше, бір рет көр» деген. Ертеңіне өз көзіммен байқайын деген ниетпен айтылған орындарда болдым.

Осы өңірде кіндік қанымыз тамғаннан кейін үнемі жоқшысы, жанашыры болып жүреміз. «Түйені көпірдің астына жасыра алмайсың» деген сөз бар. Құлақ не естісе, көз нені көрсе, ауыз соны айтады. Өйткені, айтпасасөздің атасы өледі.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бюджеттен қыруар қаржы жұмсалып, аудан орталығы – Әйтеке би кенті түрлі сәулеттік мәдени нысандар қатарымен толыға түсті. Әйтеке би көшесі абаттандырылып, Қ.Пірімов көшесініңбойында «Асандар көтерілісі» құрбандарына, Бегім анаға арналған ескерткіштер мен Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты монумент бой көтеріп, олардың жанына гүлзарлар орналастырылды.

Ашығын айтқан жөн, соңғы жылдары Қазалы ауданының басшылығы әлеуметтік мәселелер мен қатар көркейту-көгалдандыру, тазалық сақтау шараларына тұрақты көңіл бөле бастады. Оны тұрғындар да байқап жүр деп ойлаймын. Кезінде бұл міндетті «Қазалы Көркем Сервис» серіктестігінің басшысы Дәулетбек Тұяқбаевтың жан аямай, білек сыбана жүргізгендігіне Әйтеке би кентінің халқы куә. Бүгінде Дәулет еккен тал-теректер, үйеңкілер көшелерімізде жасыл желекке малынып, төңірекке тамаша көрік сыйлап тұр. Жаз айында оның темір жол вокзалы маңына, Қ.Пірімов көшесіне егіп, шығарған гүлдері көздің жауын алатын.

Естуімше биылғы жылғы тендерде көркейту көгалдандыру жұмыстары бойынша «Эко Сервис» ЖШС-і жеңімпаз болыпты.
Сырттан келген қонақтардың қай-қайсысы да аудан жөніндегі алғашқы пікірін теміржол вокзалы жанындағы көріністен қалыптастырады. Бұл маңның қазіргі жағдайы көңіл құлазытады. Үлкен еңбекпен өсірілген ағаштардың біразы көктей солған, гүлзарлардағы гүлдер қурап, жабайы шөп басып кеткенін көруге болады. Жанәділов көшесіндегі саялы ағаштар  жағдайы да мәз емес. Осындайда кейбір азаматтардың көтере алмайтын шоқпарды беліне байлайтынына таң қаласың.
Бәрінен де зая кеткен еңбек, бюджет  қаражаты мен сырттан келетін жолаушылардан ұятын айтсаңшы?!
Өсімдіктер де баладай бап тілейді. Оған әрдайым қамқорлық қажет. Сондықтан аталған мәселеге оң көзқарас туындар деген үміттеміз.

Биыл Әйтеке би кентінің бюджетінде абаттандыру мен көгалдандыруға 121 млн 265 мың теңге бөлініпті. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші Қашақбай Пірімов көшесіндегі гүлзарларды түрлі-түсті ордазы құмымен көміп, «мозайка» жасауға жоғарыдағы қаржыдан 10 млн теңге белгіленіп, бұл бағыттағы жұмысты атқаруға тендер жарияланған. Ұтып алған мекеме 7 млн 200 мың теңгеге жұмыс атқарған. Бүгінгі таңда ойын балалары жасалған «мозайкаларды» шашып, көше сәнін кетіруде. Қайран құмға сіңген бюджет қаражат-ай!
Сайып келгенде біздің мақсат – біреуді сөгу немесе жердан алып, жерге салу емес, туған жер түлеген үстіне түлей берсе деген тілек қана. Бұған ұсақ-түйек мәселе деп қарамау керек, экологиялық апат аймағындаөмір сүріп отырған біз үшін ата мекенімізді аздырмай, сауықтыру – кезек күттірмейтін міндет.
Кемал КӨПЖАСАР,
Қаржы саласының ардагері
09 қазан 2019 ж. 1 670 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930