Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Субұрқақ маусымы басталды

Субұрқақ маусымы басталды

Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесі бойындағы субұрқақтың жазғы маусымы басталды. Субұрқақтан аспанға атқылаған су түрлі түсті жарықтармен мың құбылып көз арбап, бейнебір судан сәуле шашылғандай әсер қалдырады.

Кешқұрым осында жиналған кент тұрғындары мен аудан қонақтарының қуанышында шек жоқ. Әсіресе, субұрқақ кішкентай балалардың уақытын тамаша өткізуге таптырмас орын болып отыр. Әсем де көрікті көше бойында асыр салған бүлдіршіндердің барлығы да мәз-мейрам.

Айта кетейік, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында абаттандырылған Қ.Пірімов көшесінің бойында «Тәуелсіздікке 25 жыл» монументі, Жалаңтөс баһадүр мавзолейі, Бегім ана, «Асандар көтерілісі» құрбандарына арналған ескерткіштер мен тынығу орындары орналасқан.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
20 маусым 2019 ж. 2 269 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31