Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенттің көрікті келбеті

Кенттің көрікті келбеті

Елдің еңсесі көтеріліп, тұрмыстық жағдайының біршама жақсарғанын күн санап көркейген кент келбетінен аңғаруға болады. Қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы, Жастар үйі, “Арзан” супермаркеті, “Энергомера” сауда үйі, бизнес орталық, көптеген дүкендер мен әсем ғимараттар бұл маңайдың көркіне көрік қосып, сән беруде. Оған ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ашылған “Тәуелсіздік” аллеясындағы ескерткіштер мен бүгінгі күні кешқұрым көпшілік жиналатын сүйікті орынға айналған субұрқақты қосыңыз.
Бір қуантарлығы кенттің көріктене түсуіне аудан әкімінің бастамасымен аумақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген құрылыс мекемелері мен жеке кәсіпкерлер де атсалысып келеді. Олар өз қаржысына аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің сырт келбетін ретке келтіріп, халықтың ризашылығына бөленуде. Атап айтар болсақ, Қанатбек Керейтбаев басқаратын “Нұр-Талап и К” ЖШС игілікті іске ұйытқы болып, Әйтеке би кентіндегі Қ.Пірімов көшесі бойындағы екі қабатты №7, №9-шы екі тұрғын үйдің сыртының түскен сылақтарын қайта сырлап, әктеу-әрлеу жұмыстарын атқарды.
Бүгінгі таңда “Нұр-Талап и К” ЖШС Қазалы қаласынан көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысуда. Сәтін салса, жыл аяғына қарай Қазалы қаласындағы жеке тұрғын үй салуға жер телімінің кезегінде тұрған жүздеген адам үй-жайының іргетасын қалау мүмкіндігіне ие болады. Оқтаудай түзу көшелер бой түзейді. Бұдан басқа да аудан орталығын гүлдендіру жолында атқарылатын жұмыстар аз емес. Кәсіпкерлер де шағын және орта бизнестің қарқын алуына жол ашатын өлкенің сәулетін арттырып, көркін келтіретін заманауи үлгідегі ғимараттар салуды жалғастыра берсе, былайғы жұрт Қазалы ауданының көркіне тамсана қарайтын болады.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
17 шілде 2018 ж. 1 873 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930