Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Даму дәуірінің діңгегі

Даму дәуірінің діңгегі

Аудан әкімдігінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі жиын өткізілді.
Оны аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ашып, жүргізіп отырды. Онда аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Тілеубаев, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы М.Қайруллаев хабарлама жасады.
Алғаш болып сөз алған М.Тілеубаев:
– Елбасының дәстүрлі Жолдауында айқындап көрсеткен 10 міндеттің алтауында экономиканың барлық салаларында жаңғырудың негізгі құралға айналатыны айтылған. Яғни, индустрияландырудың көшбасшысына айналу, құрылыс пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына заманауи технологиялар енгізу, ресурстық әлеуетті пайдаланудың тиімділігін қарастыру, аграрлық ғылымды, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, көлік-логистика инфрақұрылымын одан әрі жақсарту, адам капиталын, қаржы секторын қайта жаңғырту, жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін, мемлекеттік басқару тетіктерін, «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың тиімді жүргізудің жолдарын белгіледі.
Жалпы, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінде аудан әкімінің өкімімен бекітілетін, аудан бойынша 8 ақпараттық түсіндірме топтардың құрамы қалыптастырылуда. АТТ мүшелері ауданның барлық елді мекендерін аралап, тұрғындармен кездесетін болады.
Сондай-ақ, облыстан келген үлгіге сәйкес желілік кесте әзірленіп, солар бойынша тиісті шаралар ұйымдастырылуда, – деді.
Мұнан соң, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы М.Қайруллаев Елбасы Жолдауының тоғызыншы бағытындағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне тоқталғандығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалынған аудандағы шараларды атап өтті.
М.Қайруллаевтың дерегіне сүйенсек, елімізде соңғы үш жылдың өзінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталып, осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірілген залалы өтелген екен.
2017 жылдың 12 айында облысымызда 121 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, бұл санаттағы қылмыстардың саны өткен жылға қарағанда 17 пайызға төмендеген. Сонымен бірге ол:
– Елбасы Жолдауындағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керектігі туралы тапсырмасын бүгінгі күннің қажеттілігі деп білеміз. Азаматтарға құқықтық мәселелерді шешуде кешенді түрде көмек көрсететін білікті мамандар – прокурор, адвокат, медиатор, әкімдік өкілдері қызмет ететін қазіргі заманғы инженерлік-техникалық құралдармен жабдықталған орталық ауданда жұмыс жасап тұр. Келушілерге жайлы жағдай жасалған. Яғни, Жолдаудағы міндеттерді орындауға бағытталған нәтижелі жұмыстар бар деп айта аламыз.
Жуырда жолданған бұл Жолдау – біздің еліміздің одан әрі әлеуметтік, экономикалық дамуына серпін беретін маңызы зор құжат, – деген ойын жеткізді.
Есет ТАБЫНБАЕВ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 418 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031