Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Бердібек Сапарбаев: АӘК алып отырғандардың 58% – ауыл халқы

Бердібек Сапарбаев: АӘК алып отырғандардың 58% – ауыл халқы

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы шаралара қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Nur Otan»партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысында жүктеген тапсырмалары туралы сөз қозғаған Бердібек Сапарбаев қандай бағыттағы әлеуметтік шараларға назар аударылып отырғанын атап өтті.

«Елбасының, Мемлекет басшысының тапсырмаларын, бағыт-бағдарларын орындау мақсатында Үкімет қазіргі таңда тиісті іс-шараларды қабылдады. Үкіметтің ең негізгі міндеті – қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту, әл-ауқатын арттыру. Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтардың жалақысы осы жылы екі есе өсті. Жалпы, 3 млн қазақстандықтың жалақысы 15-тен 30 пайызға дейін көбейтілді. Ең үлкен берілген тапсырма – қазақстандықтарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу. Қазіргі біздің мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан 14 мемлекеттік бағдарлама арқылы біз осы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді вице-премьер Үкіметтің баспасөз орталығында.

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, биылғы тапсырма бойынша елімізде кем дегенде 373 мың жаңа жұмыс орны ашылу керек.
«Көріп отырғандарыңыздай, 7 айдың қорытындысы бойынша ол тапсырма 60 пайызға орындалды. Оның ішінде 150 мыңнан астамы – нақты жұмыстар. Оған қосымша қазіргі таңда сұраныс жоқ мамандық иелеріне сұранысқа ие болған мамандықты оқыту үшін қысқа мерзімдегі курстар ұйымдастырылған. Сіздер білесіздер, мемлекетімізде «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде «Бастау», «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалары жүзеге асырылып жатыр. Микронесиелік гранттар, оған қосымша Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларына сәйкес, қосымша тағы 15 мың грант берілді. Соның нәтижесінде жастар өздерінің кәсіптерін ашып, тұрмыстарын жақсартты», - деді Бердібек Сапарбаев.

Премьер-Министрдің орынбасары осы шараларды жүзеге асыру үшін соңғы нақтыланған бюджет бойынша 32 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.

«Қазірге дейін 341 мыңнан астам отбасы немесе 1 млн 800 мың қазақстандық атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Республикалық бюджеттен бұл бағытта 103 млрд теңге бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмекті алып отырғандардың 58 пайызы – ауыл халқы. Ауыл адамдары қосымша 83 мың адам өздеріне керекті малын, техникасын сатып алуға мүмкіндік алды. Жалпы, АӘК арқасында отбасылардың табысы екі есе өсті», - деді ол.
25 тамыз 2019 ж. 88 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30