Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Димаш арыстықтарға қанша ақша бөлді?

Димаш арыстықтарға қанша ақша бөлді?

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты концерті өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшылығы концерттің тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін барлық жағдайды жасады. Алдымен, көшенің бірқатар бөлігін жауып, одан кейін концерт өткен орынға арнайы автобустар бөлді. Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өз дәрежесінде өткізуге 350-ден астам ерікті атсалысқан. Ал концертке көрермен ретінде 10 мыңнан астам көрермен жиналыпты. Сахнада ән шырқаған Димаш қаныпезерлер қолынан қаза тапқан спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенге жеке композиция арнады.

"Денис Тен екеуміз дуэт айтуды жоспарлағанбыз. Өкінішке орай, ол жоспарымыз енді мәңгі орындалмайды. Денис көп жұмыс жасайтын талантты жігіт еді. Ол – біздің еліміздің ең жарқын азаматтарының бірі. Денистің бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ", - деді әнші.

Ән соңында Димаш Денистің ата-анасын құрметті қонақ ретінде сахна төріне шақырып, гүл ұсынып, сый көрсетті.
Сондай-ақ, әнші концерттен түскен ақшаның жартысын арыстықтарға аударатынын айтып, халықты бір қуантты.

"Мен жиі-жиі шетелде болсам да, еліміздегі жағдайларды назардан тыс қалдырмаймын. Жақында Арыс қаласында жарылыс орын алды. Мен осы концерттен түскен ақшаның жартысын Арыс қаласының тұрғындарына аударамын", - деді Димаш сахнада тұрып.
www.qamshy.kz
01 шілде 2019 ж. 869 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031