Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Элизабет Тұрсынбаева Жапониядағы үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады (видео)

Элизабет Тұрсынбаева Жапониядағы үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады (видео)

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленген Элизабет Тұрсынбаева үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады. Бұл туралы Olympic.kz басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды.

Тұрсынбаева Сайтамадаға әлемдік біріншіліктің аясында өзінің үлгілік өнер көрсетуін Денис Тенге арнады. Элизабет Тұрсынбаева әсерлі қойылымды қайғылы жағдайда қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушының құрметіне орындады.

Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде дүниеден озды. Ол олимпиада тұғырына көтерілген алғашқы әрі жалғыз қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарында қола медальді иеленген. Сондай-ақ, оның қоржынында әлем чемпионаттары мен ауқымды сайыстардан алған көптеген медальдары бар.
Қойылымды көрген желі қолданушылары Элизабет Тұрсынбаеваның шеберлігіне тамсанып, Денис Тенді ешқашан ұмытпайтынын жазды. "Құрмет үшін рахмет. Денисті ұмытпадық, әлі де көз жасымызға ерік береміз", — деп жазды біреуі, "Денис Теннің суретін де көре алмайтын болдым , көрсем болды жүрегім ауырады", — деді екіншісі. "Денисті тек экраннан көретініміз қайғылы", — деп пікір білдірді қалғандары.

25 наурыз 2019 ж. 1 435 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930