Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артады

Дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артады

Қазақстанда 2020 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің жалақысын 70 пайызға арттыру жоспарлануда. Бұл туралы еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға артадыДенсаулық сақтау министрі медицина саласының қызметкерлерінің орташа жалақысы үстемақыны есепке алғанда 30 пайызға артатынын айтты.

«Яғни бұл адамдар қолға алатын жалақының көтерілуі. Бұл орайда айта кетерлік жайт, біз тиісті қаражатты қаржыландыруға салдық. Көбі денсаулық сақтау саласында жалақыны денсаулық сақтау министрі немесе мемлекет тағайындайды деп ойлайды. Алайда олай емес. Біз медициналық ұйымдарға қызметтері үшін ақша төлейміз. Соқырішекті емдесе, белгіленген баға бар. Біз оны тариф деп атаймыз және осы тарифке жалақыға қажетті шығынды саламыз. Ақша медицина қызметкерлеріне жетуі үшін, аталған тарифті арттырып отырамыз», - дейді Біртанов.

Ведомство басшысының сөзінше, биылғы жылдың ақпан айынан келесі жылдың ақпанына дейін барлық сала қызметкерлерінің жалақысы шамамен 70 пайызға артады. Министрдің есебінше, 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі.
stan.kz
19 маусым 2019 ж. 1 525 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031