Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты: ютуб арнасындағы сорақылықтар

Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты: ютуб арнасындағы сорақылықтар

Қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі парақшаларда, ютуб арналарда қалың қаралым жинап, миллиондаған қолданушыларды ақпаратпен қамтамасыз етіп отыратын блогерлердің бәсі артып келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Өз ойымға" өкпе артып жүргендер енді назарын басқа бағытқа бұра бастады. Арын жанының садағасы еткендердің ақпараттық дүмпуі саябыр тауып, белден төмен бейәдеп сөздермен бедерленген бағдарламаның танымалдылығы артып келеді.

Нақтырақ айтсақ, Динара Сәтжан жүргізетін "Немишлен" ютуб арнасы елге бет-әлпеті танымал блогерлерді, шоу-бизнес өкілдерін, спортшыларды қонақ етіп, олармен ойын ойнау кезінде жыныстық қатынастан ұзамайтын дүниелерді еш қысылмастан әспеттеп жүр.

Атап айтсақ, белгілі боксшы, мемлекеттік қызмет атқарып жүрген азамат, Олимпиада чемпионы да бағдарламаның алғашқы қонақтарының бірі болды. Бағдарламаның негізгі бағыты – белгілі адамдармен ас мәзірін дайындау.

Бейненің соңына қарай жүргізуші қонағына ерекше ойын туралы ұсыныс жасайды. Егер қатысушы ойын шартын орындай алмаса, оған Динара Сәтжанның арнайы "жазасы" да жоқ емес.

Осындай сорақы бағдарламада сұмдық жазаланған тұлғалардың бірі – Серік Сәпиев. Динара ханымның фантастикалық фильмдердегі бас қаһармандардың костюмін киюден бас тартқан Олимпиада чемпионы "Секс-инструктор" деген жазуы бар жейдені киюден бас тартпады. Бұл – бір.

Екінші сорақы жағдай туралы желіде, ғаламторда кеңінен ақпарат тарап жатыр. Дәл осы бағдарламаға қатысқан Баян Алагөзова ойынға кезек келгенде Динара ханымның ұсынысымен Қарақат Әбілдинаға хабарласып, сүйісетін эпизоды бар киноға ұсыныс жасайды. Әдеп қағидаларын бұзатын ең қисынсыз әрекеттің бірі – телефондағы әңгіменің эфирге жазылып жатқандығы.
Белгілі продюсер өзінің "түсірмек" киносына Қарақатты қомақты ақша ұсынып көндірмекші болады. Бірақ Қарақаттың бағына орай, Құдай оны ауыздан қақпады.

Күллі ел болып, Ләйлә Сұлтанқызы мен Алмас Алтайдың арынын баса алмай отырғанда, Динара Сәтжанның бұл қылығы шындығында "мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықтының" кері болды.
[video=]
02 мамыр 2019 ж. 2 831 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 79

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 81

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930