Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды

Қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды

Қазақстандық семсерші Дмитрий Алексанин финалда Оңтүстік Кореяның олимпиада чемпионы Пак Сан Енді жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Дмитрий Алексаниннің финалдағы қарсыласы ең мыңты семсершілердің бірі. Дегенмен, отандасымыз үш кезең бойы артықшылық танытып, 15:12 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық семсерші Азиада ойындарының алғашқы алтынын иемденді.
«Қаты қуанып тұрмын. Өте көп жұмыс атқарылды. Жартылай финалда да және толық финалда да маған олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен семсерлесуге тура келді. Сонымен қатар, қазіргі чемпионды да жеңіп, олармен теңестім. Екіншісімен финалда кездесетінімді жақсы білдім», – дейді жеңімпаз.
Сондай-ақ, спортшы өзінің жеңісін бүкіл Қазақстанға және 19 шілдеде қайғылы жағдайда көз жұмған танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына арнайтынын айтты.
20 тамыз 2018 ж. 310 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30