Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Арнау» тобының бұрынғы әншісі өз-өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған

«Арнау» тобының бұрынғы әншісі өз-өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған

5 жыл бұрын өнерге келуге көмек сұрағанымен, ешкімнен қолдау болмаған. «Арнау» тобының бұрынғы әншісі өз-өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған. Әншісі Жанар Хамитова өз ақиқатын айтты. 11 жылдан соң қайта ел алдына шыққан әншінің айтары бар. Ол өткен өмірі жайлы сөз қозғады. Алдағы жоспарлары жайлы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жанар қазіргі уақытта мейрамханада ыдыс жуады. Өзі пәтер жалдап тұрып жатыр. 5 жыл бұрын өнерге келуге көмек сұрағанымен, ешкімнен қолдау болмаған екен.

«Мейрамханада ыдыс жуып, күніне 4 мың теңге табам. Екі қолым бар, құдайға шүкір. Бәрі қолымнан келеді», - дейді әнші.

Жанар Хамитова 30 жылдың ішінде өз-өзіңе бірнеше рет қол жұмсамақшы болған. Бірақ, оның сахнаға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты оны құтқарып қалған.

«Сіздерге қалай айтсам екен. Шынымды айтсам, мені бәрі шаршатты. Шынымды айтайын, ата-анам... Мама, сен мені кешір! Бірақ, мен үлкен қызбын. Мені туыстарым шаршатты. Мені бәрі шаршатты. 30 жыл ішінде қанша рет өз-өзіме қол жұмсамақ болғанымды елестете алмайсыз. Мүмкін 20 рет болған шығар», - деді Жанар Хамитова.

Бағдарлама қонақтарының кейбірі әншінің бұндай жұмыс істеп жүргеніне сенбеді. Нағыз хайп деп сынады.

Жанар бүгінде өзі жалдап алған пәтерінде ерлі-зайыпты достарымен бірге тұрып жатыр. Жаңа сәбилі болған жандармен көшеде танысып, өз пәтеріне әкелген.

«Әйелім Қырғызстан азаматшасы. Сондықтан босанған соң бірден елге бара алмады. Жұмыстағы кабинетке түнеп жүргенде Жанармен таныстым. Ол өз үйіне шақырды», - деді Бақытжан есімді азамат.

Әнші қыз біраз уақыт көрмеген анасымен бағдарламада кездесті. Анасы Жанардың пысық қыз болып өскенін айтты. Бала күнінен ән айтқанын, ерке қылықтарын еске алды. Қарқаралы елінен келген ана қызын көргеніне ризашылығын жеткізді.
17 сәуір 2019 ж. 3 827 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 71

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930