Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Суицидтен құтқарылған қыз Мәжіліс депутаттарына сырын айтып берді

Суицидтен құтқарылған қыз Мәжіліс депутаттарына сырын айтып берді

Бүгін Мәжіліс депуттарының алдына келген қыз бала «111» жедел қызметі өзін суицидтен қалай аман алып қалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қыз бала депутаттармен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесуге арнайы бетперде киіп келді. «5 жыл бұрын ата-анам қайтыс болып, мені тәтем алып кетті. Өзге төсекте ұйықтаған алғашқы түні ата-анамның енді жоқ екендігін түсіндім. Оған дейін оларды жоғалтудың не екендігін сезіне алмаған едім. Енді өмір сүре алмайтын шығармын деп ойладым. Себебі ата-анасыз қалай өмір сүруді білмедім. Дегенмен, туған-туыстарым маған жан-жақты қолдау көрсетті. Мектепке бардым. Бірақ, мектепте жасөспірім проблемасы басталды. Оқуды тастадым десем де болады. Бұған қоса, сыныптастарым сыртымнан өсектейтін. Соның салдарынан бәрі жаман бола түсті. Жалғыздықты бастан кешірдім. Кімге жүгінерімді және мұндай сауалмен біреулерге жүгінуге бола ма, болмай ма екендігін де білмедім. Өзіме қол жұмсауды ойладым. Интернеттен көптеген ақпарат таба алатындығымды білетінмін. Түрлі сайттарды, фильмдерді көрдім, тіпті сериалдар, оны қалай жасау керектігіне қатысты жазбалар, әндер бар», - дейді қыз. Оның атап өтуінше, дәл осындай қиын сәттерде есіне мектепке келген мамандар айтқан «111» сенім телефоны түскен. «Мен оператормен байланысқа шығып, басымдағы жағдайды айттым және ол психологпен сөйлесуге кеңес берді. Келістім. Ол мені басқа желіге қосты. Бұл жайында айтуға қатты ыңғайсыздандым. Себебі мені кінәлайды, түсінбейді деп ойладым. Бірақ, ол қалай әңгімесу керектігін білді. Мен онымен ұзақ уақыт бойы сөйлестім, бірнеше рет. Ол проблемаларды шешуге, жалғыз еместігімді, жақын адамдарымның бар екендігін түсінуге көмектесті. Психологқа терапияға баруға және туған-туыстарыммен сөйлесуге кеңес берді», - деп еске алды ол. Оның айтуынша, психолог үнемі қоңырау шалып, көңіл-күйін, денсаулығын біліп тұрған. «Тәттеммен сөйлесуге, оған айтуға бел будым. Ол мені жеке психологтың қабылдауына жазды. Қазір өзімді біршама жеңіл сезінемін. Жалғызбын, өлу керек, мені ешкім түсінбейді деген ой қазір жоқ. Мені түсінеді. Өз проблемаларыммен тіпті болмашы болса да достарыммен бөлісе бастадым. Барлығы мені қолдайды. Жарық дүниеге басқа көзбен қарай бастадым. Жақын адамдарымның бар екендігін және олар мені жалғыз қалдырмайтындығын түсінемін. Сенім қызметіне алғысымды білдіргім келеді. Олар мені, бір адамның өмірін сақтап қалды», - деді ол.  
inform.kz
---
31 мамыр 2018 ж. 1 328 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 47

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 81

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 132

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 69

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031