Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жылдағы марапат

Жаңа жылдағы марапат

Әдетте жыл аяқталар уақытта барлық саладағы жұмыстар қорытындыланып, үлгілі еңбек еткен азаматтар марапатталады. Қазалы ауданының әкімдігі 2018 жылы да сол үрдістен жаңылмай, бірқатар азаматтарға құрмет көрсетті.

Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімдігінде өткен жиында аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап жыл бойы атқарылған шаруаларға тоқталып, оның ішінде аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен тығыз жұмыс жасаған азаматтар мен мекеме ұжымдарына алғысын жеткізді.

– Әні-міне дегенше 2018 жылды да қорытындылап отырмыз. Біз өздеріңізбен бірлесіп, бірталай шаруаларды атқардық. Амандық болса, келесі жылы да тұрғындардың игілігі үшін ауызбіршілікпен жұмыс істейтін боламыз. Осында отырған әрбір азамат пен мекеме ұжымдарына алғыс айтамыз. Келер жылы табысты да жағымды жаңалықтарға толы жыл болғай, – деген Б.Дүзелбайұлы бірқатар азаматтар мен ұжымға аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.

Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар қатарында автомобиль жолдарын салып жөндеген “Қазалы Жолшы”, «Строй Модуль Астана” ЖШС, абаттандыру және көпір құрылысы жұмыстарымен айналысқан “Қазалы-СтройСервис”, “Жылу-ХХІ” ЖШС, тұрғындарды жылу және газбен қамтамасыз еткен «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ның «Қазалы-Теміржол жылу» филиалы, “Қазтрансгаз” “Әйтеке би газ шаруашылығы” бөлімшесі, жолаушылар тасымалын жүзеге асырған “Қазалы-Такси” ЖШС, аудан халқын сумен жабдықтау және қамтамасыз ету шаруасын реттеген “Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын» пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесі, кәріз жүйесімен қамтамасыз еткен “Қазалы-Су сервис” МКК, газ құбырын тартқан “Газстрой” ЖШС, қазалылықтарды электр қуатымен қамтамасыз етуші “Қазалы аудандық электр торабы”, автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстауды қамтамасыз еткен «Қазақавтожол” ЖШС Қызылорда облыстық филиалының (ҚОФ) №49 Жол пайдалану бөлімі, «Н Строй» ЖШС директоры Әлжан Жеткербаев, жеке кәсіпкер, “Қарлан” учаскесіндегі қалқымалы көпірді күтіп ұстаған Дархан Жайылханов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің әдіскері Ырысбай Қанат, “Қазалы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі бар.

Ж.АЙЫМҚҰЛОВ
04 қаңтар 2019 ж. 1 734 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930