Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттік балгер Қазақстанның келесі президенті әйел болады деп болжады

Шымкенттік балгер Қазақстанның келесі президенті әйел болады деп болжады

Қазақстанның келесі президенті әйел болады. 2006 жылы елдегі саяси ахуалға қатысты болжам жасаған шымкенттік балгер Бейне Қаржаубаева осылай деген екен. Оның сол кездегі болжамы бірқатар БАҚ беттерінде жарияланыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Замана" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейне Қаржаубаеваның президент сайлауына қатысты жазбасы 2006 жылы "Тылсым дүние" газетінде жазылған. Сол кезде шымкенттік балгер еліміздің келесі президенті Дариға Назарбаева болады деген болжам жасапты.

"Кезекті президент сайлауында Дариға Назарбаева пре­зиденттікке үміткер болып тіркеліп, басым дауыспен жеңіп шығады. Сөйтіп, еліміздің келесі басшысы Дариға Назарбаева болады", – деп болжапты Қаржаубаева.

Сол кезде өзінің бойындағы тылсым күш туралы түсіндірген Бейне Қаржаубаева болашақта не болатыны туралы дауыстарды еститінін айтқан.

"Мен бұл болжамдардың бәрін ойым­нан шығарып айтып отырған жоқпын. Жоғарыда айтқанымдай, кейде ұйықтап жатқанда, кейде күндіз-ақ менің көз алдымда бір сәт теледидар экраны секілді аппақ төртбұрышты елес пайда болады да, содан алда не болатыны, ертеңгі күні кімді не күтіп тұрғаны туралы айтылған дауыстар естіледі. Бір сәтке ғана пайда болатын осындай көрінісітен көп мағлұмат алып үлгеремін", – деген екен шымкенттік балгер.

Бұған дейін саясаттанушы Дариға Назарбаеваның президент сайлауына түсуге тырыспайтынын айтқан еді.

Айта кетсек, бүгін, 9 сәуірде, Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өтетіні туралы мәлімдеді. Кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтеді.
10 сәуір 2019 ж. 4 181 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930