Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Семейде ата-анасы жоқ кезде екі бала өрттен қаза тапты

Семейде ата-анасы жоқ кезде екі бала өрттен қаза тапты

Шығыс Қазақстанда Семей қаласына жақын маңдағы Холодный ключ елді мекенінде екіқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт туралы хабарлама дүйсенбі, 1 сәуір күні сағат 14:19-де түскен. Өрт бірінші қабаттағы қонақ үйден басталған – жиһаз өртенген.

"Қызыл жалынды сөндіру кезінде жуынатын бөлмеден 2012 және 2015 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қою түтіннің салдарынан иіс газынан уланып қалған. Ата-анасы үйде болмай шықты", - деп хабарлады құтқарушылар.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер көршілерді қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сағат 14:56-да оқшауланып, 15:12-де сөндірілді.
02 сәуір 2019 ж. 995 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031