Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкті әйелдер туралы қызықты 32 дерек

Жүкті әйелдер туралы қызықты 32 дерек

  Ең әдемі әйел - жүкті әйел. Бұл әйелдердің әлемі басқа. Олар ашуланшақ, тым ерке, эмоциялы болып келеді. Аяғы ауыр уақыттағы қорқыныш барлық әйелге тән. Жүкті әйелдер туралы қызықты деректерді материалымыздан оқи аласыз.
1. Жаңадан туылған сәбидің көзі нашар көреді. Бірақ анасын бірден тани алады;
2. Жүкті әйелдердің ас қорыту процессі баяулайды. Себебі сәбиге қажетті пайдалы азық бөлінеді;
4. Көңіл-күйлері тез арада ауысады;
5. Томас Битти бала көтерген алғашқы ер адам;
6. Күні жетпей туылған бала 22 апта, 6 күн ғана ана құрсағында болған. Бұл әлемдегі ең кішкентай мерзім. Бала қаламсаптың көлеміндей ғана болған;
7. Ең ұзақ жүктілік 375 күнге дейін созылған. 1 жылдан астам уақыттан кейін туылған баланың жағдайы қалыпты;
8. Зерттеулерге сүйенсек, аяғы ауыр кезінде шылым шеккен аналардың басым бөлігі дүниеге қыз бала әкеледі екен;
10. Статистикаға сүйенсек, соңғы 10 жыл ішінде әйелдердің 40%-ы кесареваның  көмегімен босанған;
11. Жүкті әйелдің аяғының өлшемі 1-2 есеге үлкейеді;
12. Жүкті әйелдің иіс сезу мүшесі ұлғая түседі. Кез келген иісті жақтырта бермейді. Бұл сәбиді зиян иістермен уландырмаудың әдіс-тәсілі деседі;
13. Бала туылғанда тізесінің сүйегі болмайды;
14. Әйелдердің 99%-ы перзентханада босанады. Олардың 91%-ы акушердің көмегіне мұқтаж болады. Бірақ босанудың басқа әдістерін қолдайтын әйелдер де бар көрінеді;
15. Бесем табудың мүмкіндігі 600 000 адамның ішінен 1-еу ғана;
16. Бала анасының құрсағында жатқанда саусағын сора бастайды;
17. Жүкті әйелдердің шаштары қалың, әлі жылтыр болады. Себебі олардың ағзасында өзге гормондар бөлінеді;
18. Егерде анасының да, әкесінің де бойы кішкентай болса, ортадан шыққан баланың бойының ұзын болуы әбден мүмкін;
19. Әр 3 секунд сайын дүниеге сәби келеді;
21. Әйел адамның 40 жаны бар деп жатады. Бірақ аяғы ауыр кезде олар өте әлсіз келеді. Кез келген жағдай баланың шетінеп кетуіне немесе түсіктің болуына себеп бола алады;
22. Аяғы ауыр әйел ерекше құлпырып кетеді. Ол рас. Жүктілік кезінде әйел адамдардың терісі жаңа туған сәбидікіндей жұмсақ болады. Себебі аяғы ауыр кезде, әйел адамның ағзасындағы қан мөлшері 50%-ға артады;
23. Кейбір ер адамдарда әйелінің аяғы ауыр кезінде құсу, салмақ қосу, ішінің ауруы, бас айналу, тәбеттің болмауы секілді белгілер пайда бола бастайды;
©nashezdorovie.info
24. Жүктіліктің 10%-ы түсікпен аяқталады. Түсіктің көбісі алғашқы апталарда болады. Ол туралы әйелдің өзі де білмеуі мүмкін;
25. Жүктілік кезінде әйелдің жүрегі мен бауырының көлемі ұлғаяды;
26. Бала құрсақта жатқан кезде жылайды, күледі, тіпті билейді де. Сол үшін әйел адам үнемі жақсы ән тыңдап, жақсы әңгіме айтып, тек жағымды нәрселерді ойлау керек. Анасы қандай сезімде болса, баласы да сол эмоцияларды бастан кешіреді;
27. Балалардың көбісі көк, сұр-көк, аспан-көк түсті көздермен туылады. “Ол баланың ағзасында меланин пигментінің жетіспеуі”, – деп түсіндіреді ақ халаттылар. Жарты жыл ішінде көзінің түсі өзгеруі мүмкін. Егерде меланин жеткіліксіз болса, онда көзінің түсі көк түсті болып қала береді. Ал меланин пигменті жеткілікті болса, онда көзінің түсі қоңырқай немесе жасыл түске өзгереді;
28. Ең көп балалы ана Ресей тұрғыны Федора Васильқызы. Ол дүниеге 69 бала әкелген. 40 жылдың ішінде 27 рет босанған. 4 рет төртем, 7 рет үшем, 16 рет егіз бала тапқан;
29. Ең қызықты дерек! Жүктілік кезінде екінші рет қайта көтеріп қалу. Яғни, әйел адам жүктіліктің 3-4 аптасында немесе 4-5 айында жүргенде, екінші баласын көтеріп қояды. УДЗ (УЗИ) жасау кезінде, ол егіз немесе екінші бала мүлдем байқалмауы да мүмкін. Бұл өте сирек кездесетін жағдай. Қай бала қай уақытта ұрықталғанын босанғаннан кейін ғана анықтауға болады;
31. Егіз немесе үшем тууға ұзын бойлы және толық әйелдердің мүмкіндіктері басым;
32. Баланың саусақ іздері туылғаннан кейін 3 айдан соң ғана тұрақталады.
23 наурыз 2019 ж. 3 096 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 269

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031