Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтыскердің кешіне келген Балғынбек Айнұр Тұрсынбаеваға кобра жыланын сыйлады (видео)

Айтыскердің кешіне келген Балғынбек Айнұр Тұрсынбаеваға кобра жыланын сыйлады (видео)

Айнұр Тұрсынбаева 8 Наурыз мерекесіне орай жеке кешін өткізді. Айтыскерге өнердегі достары қолдау көрсетіп, әннен шашу шашты. Кеште жыр да, ән де айтылды. Ақындар айтысы да болды. Кеш өткен соң Айнұр Тұрсынбаева алаш жұртына ризашылығын білдірді.

"Жасым 14-те.1992 жыл! Ең алғаш айтысқа қатысамын деп келгенде айтыстың ұйымдастырушылары "мына қыз айтыспақ түгілі дұрыс сөйлей де алмайды ғой" деп бетімді қайтарып тастаған болатын. Сол кезде Серік Қалиев деген ағам келіп "айтысудың қалай болатынын осы қыз сендерге көрсетеді әлі" деп мені қатыстырып еді. Одан бері 28 жылға жуық уақыт өтіпті. Осы уақытта не істедім, не қойдым?! Кешегі плацкарттың үшінші қабатында жатып айтыстарға барып жүрген Айнұр бүгін қандай болды?! Бәрін саралап келе кеш өткіземін деп шешіп, ақыры өткізіп тындым. Әлеуметтік желіде бір де бір негатив жазылмапты... Соған қарағанда көпшілікке ұнаған сияқты. Алғаш жетектеген ұстазым Серік Қалиевке темір тұлпар мінгіздім. Қолдау көрсеткен барлық достарымның аналарына 60 шапан жабылды.. Банкеті бар, басқасы бар барлық ауыртпалықты қасымдағы құрбыларым көтеріп алды. Өнердегі 8 құрбым шашбауымды көтеріп әннен шашу шашты. Ақындар қауымы Әселxан Қалыбекова бастап сонау Оралдан, Алматы, Қарағандыдан келіп қолдау көрсетті! Бірін мақтасам екіншісі қап кете ме деп ешкімді атамайын деп шештім. Талайды көрген маңдайым жерге жеткенше иіліп раxмет айтқым келеді. Алла бәріңізге сауаптан жазсын! Балғынбек не сыйлайды екен деп 25 жыл күтіп едім.. Дәу сандықпен көтеріп келгенге ішінде бір керемет шапан немесе бір домбыра жатқан шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем жылан алып келіпті. 1 мамыр Алматыда оның кеші болады. Сол кезде қайтарам ғой бұйырса. Тілеулес ағайынға мың да бір алғыс! Сыймай қалған xалықтан кешірім өтінемін! Берілген гүлді тасу үшін арнайы көлік жалдауға тура келді. Кешеден алыстан келген апаларды күтіп инстаға да уақыт болмай кетті. Әлі түс көргендей xәлдемін..Бір нәрсеге көзім анық жетті! Алла да алаштың жұрты де мені шексіз сүйеді екен", - деп жазды ақын желіде.

Желі қолданушылары да айтыскердің өнерін жоғары бағалап, табыс тілеп жатыр.

11 наурыз 2019 ж. 4 066 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930