Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақ жолға бастаған ақ перде

Ақ жолға бастаған ақ перде

– Сол сәт кешегідей көз алдымда тұр, – деп бастады сөзін Жібек апа. – 1970 жылдың тамыз айы болатын. Ауылдық жерде шағын үйде тұратынбыз. Сол күні қайын атам орталыққа сапарлап кеткен. Өзге отбасындағы үлкендер ферма басында. Күйеуім жұмыста жүрген. Кішкентай балам мен кіші қайынсіңлілерімді жаныма алып, түнгі ұйықыға жатқан бойым. Бір-біріне қарама қарсы орналасқан қос бөлменің бірінде туыс ағайындарымыз жатса, екіншісіне біз жайғас­қанбыз. Екі бөлмені жалғайтын ортаңғы бөлменің жарығы жанып тұрған. Балалар шошымасын деп есік сәл ашық тұрған.
Көзім енді ғана ілінген беті еді, тысыр еткен дыбысты құла­ғым шалып, төсегімнен атып тұрдым. Бар ойым үйге мас біреу кіріп кетті-ау болды. Біздің бөлменің ішкі жағында ілмешек болатын. Дереу соған жармастым. Өзімше қорғанған түрім. Есік жабылған соң бөлмені қою қараңғылық жайлап, үрейімді одан әрі үдете түсті. Қол-аяғым діріл қағып, сырт жағыма бұрылып қарасам, сол қабырға тұтас ақ түсті жұқа пердемен көмкеріліпті. Ол жерде келесі бөлмеге кіретін есік, пеш болатын. Бәрінің қайда кеткенін түсінбей тұрып қалыппын. Әлгі дәкеге ұқсас үлбіреген ақ мата сәл желпініп тұрды да, әлден уақытта орала келіп, ұзын сұлбаға айналды. Есім шығып, не болғанын ұғынбаған мен қорыққаннан жерге бүкірейіп отыра кеттім.
Қанша отырғанымды біл­мей­мін, ойымды жиып, жо­ғары қарағанымда кілт кіре­тін есік­тің кішкене саңлауы үл­кейіп кеткенін көрдім. Солай бола тұра, ортаңғы бөлме­дегі жарық неге түспей тұрға­нына таңмын. Бірте-бірте бойым да үйренейін деді ме, көргенім тылсым екенін топшылап, «Ықылыс», «Фатиха» сүрелерін оқыдым да, ақылым анық орнында екенін тексеру үшін электр тоғын жағып-сөндіретін тетікті басып қалғаным сол еді, әлгі көрініс сол сәт жоқ болып кетті.
Таңертең оянып, көргенімді ауылдағы иман кісіге айтып едім, ол: «Балам, бұл жақсы­лықтың жаршысы – Қыдыр ата. Тек саусағыңның басынан ырым етіп, қан шығарып жібергеніңде жөн болатын еді. Десе де жаман болмассыңдар», – деп топшылады. Расымен айтылған жылы ісіміз өрге жүзді. Үлкен үй алдық. Мал бағатын ата-енем жылды жақсы қорытындылады. Жолдасымның да қызметі жоғарылады. Менің де құрса­ғыма бала бітті. Қыдыр ата кез келген адамға көрінбейді. Ырыс-несібесі мол, адалдарына ғана кезігеді дейді. Шүкір, одан кейін де жаман болған жоқпыз. Сонда жас бола тұра балаларды шошытып алмайын деп қатты дыбыстамай, қорқынышымды ақылға жеңдіре алғаныма әлі қайранмын, – деп сөзін тәмамдады.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
29 қаңтар 2019 ж. 1 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930