Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неге ақкөңіл адамдардың өмірі қиын?

Неге ақкөңіл адамдардың өмірі қиын?

Ақкөңіл, жақсы, мейірімді адамдардың өмірі неге соншалықты қиын болатынын білгіңіз келе ме? Бұның екі себебі бар!


Орыс халқында «Чем добрее душа, тем сложнее судьба» деген нақыл сөз бар. Бұл мақалды барлық ұлт өкілінің аузынан естіп жүрген боларсыз. Иә, өзіңіз де бұл сөзді жиі айтасыз ба? Онда сіз де ақ көңіл, қайтарымын күтпей-ақ кез келген адамға жақсылық жасауға дайын тұратын адамдардың тізіміндесіз. Ал, бұл тізімде бар адамдар мынаны білгені жөн.





1-ші СЕБЕП: «Әр нәрсенің шегі бар» екенін білмеу...
Алтын жүректі, кең пейілді болған жақсы. Бірақ та адамның өмір жасы өлшеулі сияқты, әр нәрсенің өз шегі бар. Шектен асқан жамандық та, жақсылық та – зиянды. Таразы басын тең ұстау керек.
МЫСАЛ: Түбекке гүл отырғызыңыз да оған су құйып, күтім жасап баптаңыз. Баптау деген не? Су құю, күн көзіне шығару, шаңын сүрту, топырағын қопсыту... Егер, сіз гүлге күнде су құясаңыз не болады? Гүл шіриді. Егер, гүлдің топырағын күнде қопсытсаңыз не болады? Гүл тамырын зақымдап алуыңыз мүмкін. Егер, гүлді күні бойы күн астында қалдырсаңыз не болады? Өледі!




2-ші СЕБЕП: Жан дүниенің есігін үнемі ашық қалдыру...
Жантану мамандары көбінесе адамды үйге теңейді. Иә, сіздің жан-дүниеңіз – үйіңіз! Есігі ашық үйге кім болса сол кіріп ақтарып, шашып, ластап, тіпті тонап та кетеді!
МЫСАЛ: Бір жас әйел данышпан қарттың үйіне келеді. Жылап отырып, басындағы жағдайды баяндайды.
– Қалай өмір сүрерімді соңғы кезде білмей қиналып жүрмін. Барлық адамға шамам келгенше тек жақсылық жасап едім. Ақ, адал, шыншыл болдым. Қайтарымын күтпей-ақ танымайтын адамдарға да жақсылық істедім, қиналғанға көмектестім. Алайда олар жақсылығымды жамандықпен қайтарды. Өзімді кінәлады. Бұл әділетсіздік емес пе? Мен сонда не істеуім керек, маған ақыл айтыңызшы! Данышпан қарт:
– Киіміңізді түгел шешіп жалаңаштанып көшеге шығыңыз, - дейді.
– Не айтып отырсыз? Ұялмайсыз ба, әлде мені күлдіру үшін әзілдеп жатырсыз ба? Киімсіз көшеге шықсам, бәрі күлмей ме?! - дейді әйел. Данышпан қарт:
– Тыр жалаңаш көшеге шығудан қорқып отырсыз. Ал, жаныңызды жалаңаштаудан ұялмадыңыз ғой, оның есігінен танитынды да, танымайтынды да кіргізуден қалайша қорықпадыңыз? - деп күрсінеді.
– Мен ешкімді үйге кіргізген жоқпын, - деген әйелге данышпан:
– Жаныңыз – үйіңіз. Жаныңызды есігі айқара ашық жатыр. Кез келген адам кіріп-шығып жүр. Біреуі бұл «үйіңіздің» төріне аяқ киімін шешпей-ақ шықты, бірі жалғыз өзі кірмей басқаларды да ерте келді. Сөредегі кітабыңызды жыртты, ыдысыңызды сындырды. Бірақ, оларға кіруге өзіңіз рұқсат бердіңіз ғой. Сондықтан олардың өзіне айта аламй, іштей ренжіп ашуланасыз.
– Сонда мен не істеуім керек?
– Бері жүр, - деп данышпан әйелді бақшасына ертіп келеді. – Мынау жайқалған гүлдерді көрдің бе? Гүл егіп жатқандар көп, бірақ барлығының еккені гүл ашып жайқала бермейді. Ерекше күтім жасап, су құйып, қамқор болғанда ғана өсімдік гүл ашады. Дәл сол сияқты сен де саған қамқор болған адамға ғана жан-дүниеңнің есігін аш. Ал, жапырақтарыңды жұлып, аяққа таптайтын, солдыратын адамдарға жан жүрегіңнің есігі жабық болсын.
Қарашы, бақшадағы гүлдер кешқұрымда күлтеше жапырақтарын жинап жабылады, ертеңіне күн жылуы артқанда қайта ашады. Үнемі күлтеше жапырағы ашық тұрған гүлді көрдің бе? Жалпы, қандай да бір қиындыққа тап болып не істеріңді білмегенде Табиғатқа қара. Табиғаттан қалай дұрыс өмір сүрудің де, басқа да сұрақтарыңның жауабын таба аласың, - дейді.

ЕСТЕ САҚТА: Басынан сипаған адамыңыз басыңызға шығып алмас үшін, «жақсылығымды түсінбеді» деп ӨЗГЕГЕ, ал «жақсылығым неге жамандық боп қайтты?» деп ӨМІРГЕ ренжігіңіз келмесе, екі-ақ ережені ұстаныңыз. Сонымен, Бірінші ереже: АДАМ=ГҮЛ. Шамадан артық су құймаңыз! Екінші ереже: АДАМ=ҮЙ: Үйіңізге кез келгенді кіргізе бермеңіз!
25 қаңтар 2019 ж. 1 871 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930