Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рактан қайтыс болған миллионер өз дертін: «ҚҰДАЙДЫҢ ЖІБЕРГЕН СЫЙЛЫҒЫ»,- дейді

Рактан қайтыс болған миллионер өз дертін: «ҚҰДАЙДЫҢ ЖІБЕРГЕН СЫЙЛЫҒЫ»,- дейді

Австралиялық мұсылман-миллионер Әли Банат бар болғаны 32 жасында дүниеден озды. Байлыққа әбден құныққан, тек Louis Vuitton-ның аяқ киімдерін тоздыратын байдың баласы аз өмірі қалғанын білген соң, есін жинады. «Өмір мәні тек сән мен байлықта емес, адамдарға жақсылық жасап, Аллаға құлшылық етуде. Жинаған, терген байлықтар адамды бақытты етпейді, жаныңда өзге адамдар қиналып жүргенде». Әлидің ұстанымы осындай болды. Қайырымдылыққа ол миллиардқа татитын байлығын берді. Тіпті 600 мың доллар тұратын Ferrari Spider көлігінен де бас тартты. Дерті жайлы білгенде, өмірінің соңғы күндерін жақсылық жасауға арнаған Әли көпшілікке үлгі болды.
Дәрігерлер оның дертін 29 жасында жариялады. 7 ай ғана өмірі қалғанын айтып, шынайы ықыласымен бөлеген. Алайда, жас жігіт мықтылық көрсетіп, өмірін 3 жылға соза алды. Көптеген мешіттер, жетімдерге арналған мектептер мен ауруханалар салдырды. Көмекке зәру мыңдаған отбасыға ақшалай жәрдемдесіп, балалармен көп уақыт өткізуге тырысты. Тіпті, «Мусульмане по всему миру» («Барша әлем мұсылмандары») қайырымдылық қорын да ұйымдастырды.
Оның дерті «Өмір мәнін ұғынып, Аллаға жүрегімен жақындауға мүмкіндік берген: Құдайдың жіберген сыйлығы» екенін айтты. Өмірінің соңғы күндері Банат халықты қайырымдылыққа, жақсы, игі істер жасауға шақырды. Оның сөзінше, адамдарға о дүниеге кетерге дайындыққа ұзақ уақыт берілмейді. Себебі, өлім аяқ-асты келуі ғажап емес. Әлиде 3 жыл уақыты болды, өзге адамда 1 минут та болмауы мүмкін. Сондықтан, жас өмірден кеткен миллионер берілген мүмкіндікті, берілген Өмірді жақсылық жасауға жұмсау керектігін тағы бір дәлелдеді.
24 қыркүйек 2018 ж. 1 641 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930