Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық жауынгердің денесі елімізге жеткізілді

Қазақстандық жауынгердің денесі елімізге жеткізілді

Қазақстандағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы толған күні ерекше жаңалықпен басталды. 1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті əскери бортпен елордалық авиациялық базасына жеткізілді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери қызметшінің мәйіті сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылды. Қайтыс болған жауынгердің сақтаулы қалған медальі арқылы аты-жөні анықталды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжолов болып шықты. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Оның соңғы қызмет орны 125-ші жеке атқыштар бригадасы болды.
Жауынгердің туыстары əлі күнге дейін Шет ауданында тұрады. 1942 жылы отбасы Медет Аманжолов Смоленскті қорғауда ерлікпен қаза болғаны туралы хат алды. Көптеген жылдар бойы ұрпақтары оның жерленген жерін табуға тырысып, 78 жылдан кейін жауынгер Отанына оралды.
Соғыста қаза тапқан жауынгердің отбасы жерлеу орнына барғысы келді, бірақ төтенше жағдайға байланысты бұл мүмкін болмады. Қазақ жауынгерлерінің сүйектерін отанына қайтаруға әскери авиация күштері қол жеткізді. Жақын арада Шет ауданының Ағадыр зиратында жауынгерді әскери құрметпен қайта жерлеу үшін туыстарына берілетін болады.
egemen.kz

10 мамыр 2020 ж. 728 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930