Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экологтар Каспий суының қызыл түске боялуына қатысты пікір білдірді

Экологтар Каспий суының қызыл түске боялуына қатысты пікір білдірді

Каспий жағалауындағы судың қызыл түске боянуы Маңғыстау тұрғындарын алаңдатуда. Экологтардың айтуынша, бұл жайт адамдар мен балықтар үшін де қауіпсіз деп хабарлайды kaz.nur.kz

Оныншы ақпан күні таңертен жергілікті басылым беттерінде Каспий теңізінің жағалауындағы су қызыл түске боялғаны туралы жаңалық шықты. Әлеуметтік желілерде ақ қардың маңында ағып жатқан қызыл түсті судың суреттері тарап кеткен.
Аса ерекше құбылыс кейбір жергілікті тұрғындарды қорқытып қойды. Алайда, Маңғыстау облысының экология департаменті бұл жайттың адам мен балықтар үшін мүлдем қауіпсіз екенін мәлімдеді.
Раушан Төлепова есімді маман Tengrinews.kz сайтына сұхбат беріп, судың қызыл түске боялуына мелобезия, лауренция және полисифония секілді қызыл балдырлар себеп болғанын хабарлады. Олар осындай таяз суда өсіп, оны қызыл түске бояйды.
Төлепова өзі Ақтауда туып өсіп, әрбір қыс сайын осындай құбылысқа куә болғанын алға тартты. Теңіз суы күн суи бастағанда осындай ерекше түске боялатын болып шықты. Лабораторияда жүргізілген анализдер балдырлардың еш зияны жоқ екені анықталды.
Қала тұрғындары мұндай құбылысқа үйреніп қалғандарын айтуда.
Әлеуметтік желілерде судың тазалағыш құрылғылардың кесірінен басқа түске боялғаны жазылып жатыр. Бірақ, экология департаменті бұл ауданда мекемелер жоқ екенін жеткізіп, судың ерекше түсі - бар болғаны табиғи құбылыс деп топшылады.
11 ақпан 2020 ж. 1 449 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031