Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

Оңтүстік Кореядан шыққан 6 жастағы блогер өзіне 5 қабатты үй сатып алды.

Үйдің құны 8 млн доллар тұрады. Көппәтерлі зәулім үй Сеулдің ең қымбат Каннамгу ауданында орналасқан. Дәл соған кезінде Gangnam Style әні арналған еді. Желінің кішкентай жұлдызы үй алмай тұрып-ақ танылып үлгерген.

6 жасар Борам Boram Tube Vlog және Boram Tube ToyReview деп аталатын екі арна жүргізеді. Біріншісінде ол өз өміріндегі оқиғаларды айтады, екіншісінде ойыншық үлгілерін жасайды. Оның аудиторисында 34 млн адам бар. Борам өз арнасынан 3 млн долларға жуық ақша табады. Оның 5 қабатты үй алуының да мәні сонда. Үй Борамның ата-анасының атына жазылды. Үй алу туралы келісім 2019 жылдың 3 сәуірінде жасалды. 

Желі қолданушылары корейлік кішкентай блогер қыздың пысықтығын сөз етті. Енді бірі ата-анасы жас баланың психикалық дамуына кері әсер етуде деп сөкті. 2017 жылы бұған қатысты сот болды. Сот шешіміне сәйкес, қыздың ата-анасына балаға қатаң қарау жөнінде кеңес алу артықтық етпейтіні айтылды. 
06 тамыз 2019 ж. 1 597 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 137

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 124

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30