Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Отадан кейін ернінен айырылып қала жаздады

Отадан кейін ернінен айырылып қала жаздады

Америкалық блогер қыз Кассиди Валентайн косметологиялық отадан кейін үстіңгі ернінен айырылып қала жаздады. Блогер қыз ернінен айырылып қала жаздады. Бұл туралы Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер қыз ерні көгеріп, ісіп кеткеннен кейін дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Дәрігерлер оған дер кезінде келмегенде, сырт келбетіне нұқсан келетінін айтқан. Анықталғандай, ерінді үлкейту бойынша ота жасалған кезде қан тамырлардың бірі қысылып қалған. Соның салдарынан Кассидидің ерні ісіп кеткен.

Кассиди Валентайн косметологиялық клникалардың бірінің жарнамасын көріп, сырт келбетіне өзгеріс енгізгісі келген. Блогердің сөзінше, оған отаны тегін жасату мүмкіндігі беріліпті. Алайда қыз бұл YouTube-арнасындағы жазылушылары үшін әділетсіздік болады деп ұйғарып, ақылы негізде жасатқан.

Процедурадан бірнеше сағат өткеннен кейін Кассиди ернінің үлкейе бастағанын бақайды. Алайда клиникадағылар оған тек гистаминге қарсы препарат қабылдауға кеңес беріпті. Препаратты қабылдағаннан кейін де қыздың жағдайы жақсармаған.

Ендігі блогер қыз-келіншектерге косметологиялық процедураларды медициналық білімі бар мамандарға ғана жасатуға кеңес беруде. Валентайн ернін үлкейткеннен кейін «өмірім өзгереді» деп ойлаған. Алайда бұлай болмады, дейді ол.
30 сәуір 2019 ж. 258 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031