Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектер кеші жақындап қалды: мұғалімдерге сыйлық беруге бола ма?

Түлектер кеші жақындап қалды: мұғалімдерге сыйлық беруге бола ма?

Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынғанын тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде барлық сыйлыққа тыйым салынғанына осымен үшінші жыл. Бірақ біз түлектерге ағаш отырғызуға тыйым салмаймыз, мәселен. Дегенмен, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне тағы бір мәрте ескерткім келеді: сыйлыққа ақша жинауға үзілді-кесілді тыйым салынған", - деді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева үкімет кулуарында.

Министрдің орынбасары Қазақстан бойынша түлектер кеші қашан өтетінін де айтты.


"Мектеп бітіру кеші 12 маусымда барлық мемлекеттік емтихан аяқталған соң өтеді", - деді ол.

Суханбердиева түлектердің мектеп бітіру кештерін мектеп қабырғасында өткізуге қатысты министрліктің ұсынысын қолдағанына қуанышты екенін жеткізді.

"Неге десеңіз, бұл ата-аналар үшін де жеңіл, оларға артық салмақ салмайды. Қазір бәрі мұны қолдап жатыр. Тек бірен-саран ғана ата-ана бар, "ойбай ақша өткізіп қойдық, келісіп қойдық" деген. Десек те, біз міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізуді талап етіп жатырмыз", - деді вице-министр.

28 мамыр 2019 ж. 1 133 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031