Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада дәстүрлі малшылар слеті өткізіледі

Қызылордада дәстүрлі малшылар слеті өткізіледі

Қызылорда облысында маусым айында дәстүрлі малшылар слеті өткізіледі.

Аталмыш шара жылдағыдай Жаңақорған ауданы аумағындағы Қаратаудың баурайында болады.

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру қажеттігін атап өткен болатын. Малшылар слетінің негізгі мақсаты - төрт түлікті түлетіп жүрген шаруа иелерінің жаңа заман талаптарына бейімделе отырып, осы кәсіпті кеңейтіп, оны одан әрі дамытудың жолдары туралы пікір алмасу. Жыл бойына жаздың ыстығына, қыстың суығына қарамастан төрт түлік малды өсірумен айналысып жүрген шаруалардың еңбегі орасан зор»,- дейді Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.

Облыстық малшылар слетіне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингінің өкілдері, республикамыздың белгілі ғалымдары, төрт түлік малдың республикалық палаталары, жабдықтаушы кәсіпорындар қатысып келеді.

Қызылорда облысында өткізіліп жүрген малшылар слетінің жылдан жылға маңыздылығы артып, қатысушылардың қатары көбеюде. Былтырғы жылы малшылар слетіне Қызылорда облысын қосқанда 7 өңір өкілдері, нақты айтканда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарының делегациялары қатысып пікір алмасты.

Биыл аймақтағы дәстүрге айналған облыстық малшылар слетіне республиканың барлық облыстарының делегаттары шақырылды. Алқалы жиында «Мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері туралы» ғылыми конференция және мал шаруашылығы саласы бойынша көрме ұйымдастыру жоспарланып отыр.
24 мамыр 2019 ж. 2 199 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930