Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекақыны қалай өндіріп алуға болады?

Еңбекақыны қалай өндіріп алуға болады?

Жұмыс беруші еңбекақыны уақытылы төлемесе немесе жалақы төлеуден мүлдем бас тартса, не істеу керек?
  1. Жұмыс берушінің міндеттері қандай?
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (әрі қарай ҚР ЕК) 23-бабының 2-тармағы бойынша жұмыс берушінің (басшының) міндеттері тізіміндегі ең негізгі тармақшаларды айта кетейін.

Жұмыс беруші:
Қызметке қабылдаған кезде Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен және шарттармен қызметкерлермен еңбек келісімшарттарын жасасуға;

Қызметкерге Қазақстан Республикасының норматив-құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, қызмет берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақытылы және толық мөлшерде төлеуге;
Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
Қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге міндетті.
  1. Басшы еңбекақыны кешіктіруге құқылы ма?
Басшының еңбекақыны қандай жағдайда да кешіктіруге құқығы жоқ. Төлем уақыты еңбек шартында көрсетіледі және толық бір ай сайын еңбекақы төленіп отыруы тиіс. Тек адами факторлардан, мысалы, төлем күні мерекелік немесе демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда, төлем банк арқылы жалақы шоттарына, карталарына аударылатын кездерде ғана кешіктірілуі мүмкін. Алайда бұл жағдайды да басшы алдын ала ойластырып, реттеуге міндетті.
  1. Жұмыс беруші қызметкердің қарызын еңбекақыдан өндіріп алуға немесе оған айыппұл салуға құқылы ма?
Қызметкерді мұндай жолмен жазалау заңсыз.

ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы бойынша жұмыскерге тек мынадай тәртіптік жаза қолдануға болады:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу.
Қызметкерге қатысты бұдан басқа кез келген жаза қолдану қызметкер құқығын қатаң бұзу болып есептеледі.
Қызметкердің басшы алдында қарыз болу фактілері жиі болып тұрады. Мұндай жағдай, әсіресе, сатып алу-сату саласындағы қызметкерлерге таныс. Қарапайым мысал: түгендеу шарасынан (инвентаризация) кейін бір мүліктің жетіспейтіні анықталуы мүмкін. Мүлік жетіспеушілігі қызметкердің кінәсінен болса, бұл факті дәлелденіп, құжат жүзінде тіркелуі тиіс.
Басшы қызметкерінен қарызды екі жолмен өндіріп алуға құқылы:
1) ай сайын қызметкер жалақысынан 50%-дан аспайтын соманы шегеріп отыру арқылы;
2) қызметкері үстінен сотқа шағымданып, сот шешімі негізінде өндіріп алу арқылы.
Осы ретте айта кететін жайт: басшының актісінсіз және қызметкердің жазбаша түрдегі келісімінсіз еңбекақыдан қандай да бір соманың ұсталуы заңсыз деп есептеледі.
  1. Еңбек келісімшарты бұзылған жағдайда және жұмысшы қызметтен босатылған жағдайда еңбекақысы қалай төленеді?
Еңбек шартын басшының біржақты бұзуына ҚР ЕК-нің 52-бабында 26 негіз бар. Қызметкердің жалақысы кез келген жағдайда төленуі тиіс. Егер еңбек шарты қызмет беруші тарапынан біржақты бұзылатын болса, қызмет беруші бұл туралы 15 жұмыс күн бұрын қызметкерді жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Хабардар ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген уақытқа пропорционал түрде жалақы төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада қызмет беруші еңбек шартын бұзуына негіз болған себептерді көрсетуге міндетті.

Егер:
– келісімшарт бизнестің тоқтатылуы немесе жойылуы нәтижесінде болса;
– қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылса;
– қызмет берушінің өзіне жүктелген міндеттемелерін орындамағаны алға тартылып, еңбек шарты біржақты қызметкер талабымен бұзылатын болса, қызметкердің жұмысын жоғалтуын негізге ала отырып, қызмет беруші қызметкерге орташа айлық есебінде өтемақы төлеуі тиіс.

Өтемақыны төлеуден жалтару мақсатында жұмыс беруші қызметкерге “өз ниетімен жұмыстан босату” туралы өтініш жазуға итермелейтін кездер болады. Теріс ниетті жұмыс берушілер қызметкерлердің сенімін пайдалана отырып, оларға өтінішке “өз еркімен” қол қойдыртып алатын жағдайлары да жиі кездеседі. Сондықтан әрдайым қандай құжатқа қол қойып жатқаныңызға  мұқият болыңыз.
  1. Басшының заңсыз әрекеттеріне қатысты қайда шағымдануға болады?
Жұмыс берушінің заңсыз іс-әрекетінен зардап шексеңіз, құқық қорғау органдарына жүгіне аласыз.

Жұмыс берушінің қорқытуына немесе бопсалауына душар болсаңыз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына жазбаша түрде шағымдануыңызға болады. Құжатта шағымның мақсаты және талабыңыз көрсетілуі тиіс. Сіздің шағымыңыз 15 күн ішінде қаралады. Тексеріс санкцияланып, нәтижесінде құқықтарыңыздың шектелгені немесе бұзылғаны расталса, жұмыс берушіге құқық бұзуды қалпына келтіру міндеттемесі жүктеліп, айыппұл салынады.

Жазбаша түрдегі шағымыңызды прокуратураға немесе тікелей сотқа да жолдауға толық құқығыңыз бар. Прокуратуға жолдаған шағымыңызда шектелген немесе бұзылған құқықтарыңыз жайында толық және ашық жазып өтуіңіз қажет. Сотқа құқыңыз бұзылған сәттен бастап 3 айда шағымдана аласыз. Бұл ретте өзіңізге тиесілі өтемақы, төлемақы және келтірілген моральдық және материалдық шығынды өндіріп алуға құқығыңыз бар.

Еңбек кодексі және өзге де ұлттық заңнамалар толығымен қызметкер құқығын қорғауға бағытталған. Сондықтан құқыңызды қорғаудан қорқудың қажеті жоқ. Теріс пиғылды жұмыс берушілерді әрдайым жазалауға болады, батыл болу керек.
06 мамыр 2019 ж. 1 583 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930