Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросында «open space» ашық кеңістік қағидаты бойынша жобалау кеңсесі құрылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросында «open space» ашық кеңістік қағидаты бойынша жобалау кеңсесі құрылды

Өткен брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Штаб басшысы Хаким Көшқалиев Ұлттық бюроның жобалық кеңсесімен таныстарды.

«Қазір мемлекеттік органдарды трансформациялау процестері жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Сол себептен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы да бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда.

Бұрын хабарлағанымыздай, ағымдағы жылы қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жыл мерзімге арналған дамуының Жол картасы бекітілген болатын.

Құжат орган қызметінің барлық бағыты бойынша түбегейлі, әрі іс-жүзінде заманауи өзгертуге бағытталған.

Бұл - кадр саясатын жетілдіру, ішкі процестерді орталықтандыру және ішкі процестерді цифрландыру, органның ашықтығы және клиентке бағдарлануы, халықаралық ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік», - деді Хаким Көшқалиев.
«Оның айтуынша, жалпы жол картасы шеңберінде 15 жоба іске асыру жоспарлануда.

Әрине, олардың тиімділігі, көп жағдайда, адами ресурстарға және осы жұмысты дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
Сондықтан, Агенттік Төрағасы А.Ж. Шпекбаев Ұлттық бюрода жобалау кеңсесін құру туралы шешім қабылдады.

Оның ең басты мақсаты - жол картасын сапалы іске асыру және орган қызметіне жобалау тәсілдерін енгізу болып табылады.
Біздің кеңсе ғимараттың 5 - қабатында орналасқан», - деп атап өтті ол.

Жобалау кеңсесі «open space» ашық кеңістік қағидаты бойынша жасалған. Онда, тиімді қарым-қатынас жасау үшін қандайда бір кедергілер, оның ішінде қабырғалар жоқ.

Жалпы, барлық көршілес кабинеттер әйнектермен бөлініп, біркелкі стильдегі кабинеттерге өзгертілген. Бұл жұмыс орындарын оңтайландырды және бөлім қызметкерлерін бір жерге шоғырландыруға мүмкіндік берді (әртүрлі қабатта орналасқан 3 кабинет босады).

Жұмыстың жаңа форматы командалық рухты нығайтуға, үдемелеуге пайдалы және ерекше шығармашылық атмосфера береді.
Штаб басшысы Хаким Көшқалиевтың айтуынша, жобалау кеңсесінің басты құрамдас бөлігі адами ресурстар болып табылады.

Сондықтан, онда ең білікті және бастамашыл мамандар іріктелді.
Жобаларда қатысқан барлық қатысушылар сертификатталған жаттықтырушыдан жобаларды басқарудың қажетті дағдыларын бекіте отырып, оқудан өтті.

«Ағымдағы қызметтің және қызметкерлер жүктемелеуінің жобаларды толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейтіндігі құпия емес, сондықтан олардың кейбіреулерінің күнделікті жұмыстары жеңілдетіледі.

Осылайша, біз Ұлттық бюроның жол картасы шеңберінде жобаларды тиімді іске асыру үшін барлық жағдайды жасадық», - деді ол.
Жалпы жобалау кеңсесі идеядан «іске асыруға дейін» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Қызықты ойлар мен ұсыныстар Brainstorm форматында жасалады.

Аталған шараларды іске асыру азаматтардың жоғары сеніміне бағытталған Ұлттық бюроның кәсібилігін, тиімділігін және ашықтығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
23 сәуір 2019 ж. 1 319 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930