Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақсатқа жету арманнан басталады

Мақсатқа жету арманнан басталады

«Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз», – деген нақылды өмірлік ұстаным еткен қазалылық жас Ақмарал Жауынбаева жан-жақты белсенді.

Бала кезінен бишілікке бейім ол қазір Қорқыт Ата атындағы Қазалы аудандық балалар музыка мектебінде хореограф. Жұмыспен қатар жеке кәсіп ашып, қыз-келіншектердің тән сұлулығы мен жан сұлулығын тең алып жүруіне септігін тигізіп жүр. Яғни кент орталығынан «CRACIA fitnes» студиясын ашты. Бұнда келушілер қатары күн санап артуда. Бізде фитнес залда болып, жаттықтырушымен тілдесіп қайттық.

– Фитнес – дене пішімін емдеу әдісі әрі дене салмағын өзгертуге мүмкіндік береді. Физикалық жаттығуды дұрыс тамақтанумен үйлестіреді. Жаттығу жасау әр адамның дене бітіміне байланысты жеке таңдалады. Газдалған су, майлы тамақ, ұйқы және артық салмақтан арылтатын дәрі немесе шайлардан адам денесі ісініп, артық салмақ пайда болады. Фитнес – тек артық салмақтан арылу ғана емес, денсаулыққа да өте пайдалы. Бұлшық еттің қатаюы, буындардың сырқырауы, бел омыртқа жұмысы мен қан айналымды жақсартады. Сергек әрі жеңіл жүріп, ұйқыдан ерте тұруға әсері мол, – дейді фитнес тренер Ақмарал.

Оның айтуынша, фитнеске тек артық салмақтан арылушылар ғана емес, аяғы ауыр келіншектердің де қатысуына болады. Өйткені жүкті әйелдерге де арналған терең тыныс алу жолдары және артық ісіктен арылу жаттығулары бар. Фитнес жас талғамайды. Аптасына үш рет жұмыс істейтін фитнес залда қырыққа жуық қыз-келіншек күніне бір жарым сағат жаттығады. Бағасы да қалтаға қонымды.

Жаттығу залындағы келін­шектердің бірі Айман: «Аудан орталығында осындай жаттығу залының ашылғанына ризамын. Әйел заты болған соң тұрмысқа шығып, өмірге бала әкелгеніме бақыттымын. Дегенмен дене бітімімде өзгерістер болды. Денімнің саулығымен қатар сыртқы келбет жинақы болғанын да қаладым. Сол себепті осында келдім. Еңбегім нәтижесіз емес», – деп қуанышымен бөлісті.

– Көз қорқақ, қол батыр. Кәсіп ашарда үлкен қорқыныш пайда болды. Арманыма қол жеткізуіме қолдау көрсеткен ата-анама, бауырларыма алғысым шексіз. Өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Әркім өз арнасымен ағады, яғни таңдаған жолы бар. Мен де алдыма мақсат қойып, арманыма жетуге жастық күш-жігерімді жұмсаудамын, – дейді Ақмарал Саветқызы.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
16 сәуір 2019 ж. 1 759 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031