Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркем ойдың кемеңгері

Көркем ойдың кемеңгері

Аудандық оқушылар үйінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері Әлмәмбет Әлішевтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.

Әлмәмбет Әлішев әдеби ортадан шалғайда тұрып, аудандық партия комитеті мен газет редакциясындағы қызметін абыройлы атқара жүріп, республикаға белгілі жазушы атанған жан. Тырнақалды «Батыр болып тумайды» кітабынан кейін «Ат тұяғын тай басар», «Бәйтеректің бұтағы» повестері, «Иірім» романы мен «Ой орамдары» атты әдеби философиялық толғаулары жарыққа шықты. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері Ә.Әлішев ел мүддесі жолындағы игілікті істері мен шығармашылық еңбектері үшін бірнеше орден, медальдармен және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жиында ел-жұртының сүйіспеншілігіне бөленген жазушыға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жылы лебізге толы құттықтауын арнады.

– Ар ісіне адалдықпен қарап, әдебиет саласын көздің қарашығындай қастерлеген Сіздей ел ағасына туған халқыңыздың алғысынан артық мәртебе жоқ деп білемін. Сіздің қайраткерлік қалпыңыз, азаматтық ұстанымыңыз – өнеге мен өлшемнің айқын үлгісі. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, елдің абзал азаматы атандыңыз.

Әлмәмбет Әлішұлы елінің, туған жерінің жанашыры ретінде қай кезде де азаматтық көзқарасын білдіруден еш танған емес. Бұған бір дәлел – Арал теңізінің тартылуынан туындаған экологиялық апаттың зардаптары жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, баспасөзде проблемалық мақалалар жазды.

Сонымен қатар Әлмәмбет аға әдебиет айдынында өзінің бірбеткей мінезді болмысымен, тума талантымен танылған жазушы. Атап айтсақ, 1985 жылы 25 маусымда Алматыда, Қазақстан Жазушылар Одағында өткен жиында Социалистік Еңбек Ері, қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов қазақ Кеңес дәуірінің атақты жазушыларымен бірге тілге жауапкершілікпен қарайтын шебер қаламгерлер қатарында Әлмәмбет Әлішевтің де есімін айрықша атап көрсетті.

Сондай-ақ ағамыз Асқар Тоқмағамбетов, Өтебай Тұрманжанов, Сейітжан Омаров сынды әдебиет саласындағы алдыңғы буындардың ыстық ықыласына ие болған қаламы қарымды жазушы, – деді ол. Аудан басшысы сонымен бірге шығармашылық иесіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат көрсетті.

Бұдан кейін философия ғылымының докторы Баймырза Қожамберлиев, Қазалы ауданының бұрынғы әкімі Айтбай Көшербаев, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов, әріптес, журналист інілері Ермек Зәңгіров, Нұрперзент Домбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов жүрекжарды тілектерін айтты. Жазушылықпен бірге ақпарат саласы ісін тең алып келе жатқан қаламгерге «Қазақстан журналистикасының қайраткері» атағы берілді.

Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының директоры Қаршыға Есім­сейітова Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы Ұ.Есдәулеттің құт­тықтауы мен Жазушылар Одағының Құрмет грамотасын тапсырды. Ақын Толыбай Абылаев «Ақиқаттың алдаспаны» атты арнау өлеңін оқыды. «Сыр Маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мнәжадин Өтеев аудан кәсіпкерлері атынан «Нива» авто­көлігінің кілтін сыйлады.

Абыз ақсақал өзіне көрсетілген құрметке ризашылық білдірді. Кешке арнайы шақы­рылған қонақтар «Рау-Илия» мейрам­хана­сындағы дастарқаннан дәм татты.
Сахи ҚАПАР
16 сәуір 2019 ж. 1 982 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930