Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Орда" өңірлік тұрғын үй бағдарламасы

"Орда" өңірлік тұрғын үй бағдарламасы

Қызылорда облысында әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленді.
Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд.теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылданды.
"Орда" аймақтық тұрғын үй бағдарламасына бастапқы төлемсіз төменде көрсетілген әлеуметтік осал топтағы азаматтар қатыса алады.
ЖАО - да тіркелетін тізімдер: оның ішінде,
І топ:
*Көпбалалы отбасы
*Толық емес отбасы
*Мүгедек немесе мүгедек бала тәрбиелеуші отбасы
*Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
*1-2 топ мүгедектері
*Оралмандар
*Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері
ІІ топ:
*2 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар, ерлі-зайыптылардың жасы 35-ке толмаған (өңірлік бағдарламаға өтініш беру барысында), соңғы 5 жылда жеке меншігінде тіркелген баспанасы жоқ, сонымен қатар балаларды (бала) ата-анасының бірі жалғыз асыраушы, толық емес, жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір қалған отбасы.
Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын талаптар:
*Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болу
*Депозиттік шотта 12 реттік айсайынғы жарна мөлшерінде
Ай сайынға төлемдер:
2-бөлме
8 жылдық жалға алу төлемі, 35 000 теңге
11 жыл төленетін қарыз сомасы, 32 200 теңге
3-бөлме
8 жылдық жалға алу төлемі, 43 800 теңге
11 жыл төленетін қарыз сомасы, 40 480 теңге.
27 сәуір 2018 ж. 1 750 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 281

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930