Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтар «Орда» бағдарламасы арқылы баспана ала алады

Қызылордалықтар «Орда» бағдарламасы арқылы баспана ала алады

Қызылорда облысында бастапқы төлемсіз тұрғын үй алуға мүмкіндік беретін «Орда» тұрғын үй құрылысының «Жол картасы» әзірленді. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
«Біз өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойдық. Сол үшін 2017 жылы 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «жол картасын» әзірледік. Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған топтарының барлығына бірдей қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд.теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық», – деді аймақ басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, кейін өз атына өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен тұрғын үйді жергілікті атқарушы органдардың тізіміндегілер, мысалы, көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 1, 2 топ мүгедектері, оралмандар және тағы басқалары ала алады.
«Мысал үшін, осылайша, енді, көпбалалы отбасы екі бөлмелі пәтерді ай сайын 42 мың теңге, ал, үш бөлмелі пәтерді 52 мың теңге төлей отырып, ала алады. Нақтылап айтсақ, басқа бағдарламаларда қаралған 30 пайыздық алғашқы төлемсіз. Айта кету керек, біздің бұл тәжірибеміз басқа облыстарға да іске асыруға ұсынылып отыр», – деп атап өтті облыс әкімі.
Бүгін Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі болып өтті. Кездесуге ҚР Президент Әкімшілігінің өкілі Н.Тлешов,ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілі С.Қизат, ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Әбдірахымов, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, 264 елді мекеннің өкілдері және саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес, сондай-ақ, еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Есепті кездесудің тікелей трансляциясы «Facebook» және «Youtube» желілеріндегі «Қызылорда облысының әкімдігі» ресми парақшалары арқылы таратылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.


14 ақпан 2018 ж. 2 662 0

Абай кабинеті ашылды

05 қазан 2024 ж. 51

Мәртебелі мамандық

05 қазан 2024 ж. 68

Зерделі шәкірт зергері

05 қазан 2024 ж. 68

1070 жылдық өнеге

05 қазан 2024 ж. 50

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031