Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асаба да асығыс, молда да асығыс... Бірақ қайда?

Асаба да асығыс, молда да асығыс... Бірақ қайда?

Әнші мен асабаның, келіннің бетін ашатын жаттама «айтқыштардың» (ақын деуге ауызым барыңқырамай тұр) алдын-ала тапсырыспен, асығыс-үсігіс, минут санап жүретінін біз жақсы білеміз. Олар бір күнде бірнеше тапсырыс алып, бір тойдан екінші тойға секіріп, әзер үлгеріп, сүрініп-сүрлігіп жүре береді. Жарты сағат, бір сағат кешігу – олар үшін жазылмаған заң! Ана тойдан шығып, мына тойға келіп үлгерем дегенше, уақыт шіркін бір орнында тоқтап тұрмайды ғой...

Асабаның тәуекелшілеп қабаттастыра той алып қойғанын екі жақ та білмейді. Асаба бұл құпияны ешкімге ашып айтқан емес. Тапсырыс қабылдап жатқанда, өзге тапсырысы бар екенін біле тұра, «үлгеріп қалармын» деген үмітпен той иесінен ішкі есебін бүгіп қалады. Кейбір жиындардың елді күттіріп, кешеуілдеп басталып жататыны содан. Сондағы кінә – асабаның құлқынына жұмыр болмай тұрған қу ақша. Қармап қалу керек, жалмап алу керек! Осындай пысықайлықпен бір күнде үш-төрт жиынға барып үлгеретін асабаларды біз жақсы білеміз.

Асабаны қойшы, оларды әртіс дерміз, енді молданың да бірнеше тапсырыспен жүретінін көріп, таң қала бастадық. Құран бағыштап дастархан жайып жатқан үйдің келіндерге: «молдекең тағы бір құранға барады екен, тамақты ертерек түсіре беріңдер!» деп тапсырма беріп жатқанын талай естідік. Молдекең де мұны мақұлдағандай, асығыс-үсігіс уағыз айтқансып, екі рәкатты бір рәкатқа түсіре оқып, бетін бір сипайды да, шыға берісте үй иелері ниет етіп берген бес-он теңгені саусақ ұшымен іліп алып, асығыстап, жөнімен кете барады.
04 сәуір 2019 ж. 1 743 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930