Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тойда жігіттерге орамал таққызған асаба көптің ашуына тиді

Тойда жігіттерге орамал таққызған асаба көптің ашуына тиді

Әлеуметтік желіде пайда болған бейнежазбаға көпшіліктің ашуы келді.

Тойдың қай жерде және қашан өткені белгісіз, бірақ көпшілік орында өткені және оны асаба жүргізгені белгілі. Әдеттегідей, көпшіліктің көңілін көтеруге асабаның ұйымдастырған ойыны әлеуметтік желідегілердің талқысына түсті.

Ойын оқырмандардың басым көпшілігіне ұнаған жоқ. Әсіресе, ер жігіттерге орамал таққызып, қолдарына әйелдің сөмкесін және аяқкиімін ұстатқаны желі қолданушыларының ашуын туғызды.

«Тамада есі дұрыс па?», «осындай ойын ойнатып жатқан тамада қызық екен», «еркектерді қ...н болуға үйретіп жатыр», «ер жігітті қызтеке қылып», «осындай ойыннан шығып жатыр ғой, онсыз да ерлер әйелге ұқсап барады», «өте ұят» деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Ашуына ерік бергендер ойынға қатысқан жігіттерді де, асабаны да сынап, мұндайға қарсы екендіктерін білдірісті.

«Осындай ойындарға шықпай қалу керек. Сонда асабалардың өздері де түсінеді керек емес екенін» деп жазды желі қолданушылардың бірі.
06 желтоқсан 2018 ж. 1 438 0

Сталкингті тоқтат

11 ақпан 2026 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728