Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік шара

Мерекелік шара

Бекарыстан би ауылының орталығында əз-Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді.

Шара аясында концерттік бағдарлама орындалса, шара қонағы "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Мəмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, округ əкімі Ғалымжан Зинадинұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Садуов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарына ізгі тілектерін білдірді. Шара жалғасы көшеаралық сайыстарға ұласты. 

Өнер сайысы: Əр көше бір өнер түрін көрсету керек болса, нəтижесінде І орын М.Күзембаев көшесі театрландырылған қойылым көрсетсе, ІІ орын Ү.Түктібаев көшесі породия жанры бойынша, ІІІ орын Ғ.Мұратбаев көшесі əн жанры бойынша ( Күлпараш Тоқболат) иеленді.

Отбасылық арқан тарту: Отағасы жəне отанасы қатысатын отбасылық арқан тартысқа əр көше спортқа жақын деген отбасыларды қатыстырды. Қорытындысы бойынша І орын Ү.Түктібаев көшесі Əміржаев Əлиханның отбасы(50кг бір қап ұн), ІІ орын А.Нұрпейісов көшесі Құтпанбетов Сабырдың отбасы, ІІІ орынды М.Күзембаев көшесі Қызылшалы Таланттың отбасы иеленді. 

Спорттық қап көтеру сайысы: Əр көшеден бір спортшы 50 кг салмақтағы құм толтырылған қапты иығына салып, отырып тұру арқылы көтеру. Уақыты 10 минут; Нəтижесінде І орын 127 рет көтерген Ү.Түктібаев көшесі Жеткерген Қуаныш (50кг бір қап ұн), ІІ орын Қ.Мəкенов көшесі Сартымбет Қуат 123 рет көтерсе, ІІІ орын А.Нұрпейісов көшесі Майданбай Бердібек 100 рет көтеріп жүлдеге ие болды. 

Аударыспақ; Əр көшеден аттарын ала келген спортшылар ұлттық өнер спортты насихаттады. Сайыс қорытындысымен І орын М.Күзембаев көшесінен Садуақас Рамазан, ІІ орын Ғ.Мұратбаев көшесінен Сабырұлы Ерсұлтан, ІІІ орын З.Қалиева көшесінен Əділбек Бейбарыс иеленді. 

Сонымен қатар ұллтық киімді дəріптеген ұл-қыздарының барлығы қазақтың ұлттық киімімен келген Жастар жылында жаңаша бастама 1999 жылғы жастар қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жəне де үздік стенд жобасы бойынша өз көшелерін суреттер арқылы мəлімет берген көшелер үздік деп танылды. Атап айтқанда, І орын З.Қалиева көшесі, ІІ орын А.Нұрпейісов көшесі, ІІІ орын Қ.Мəкенов көшесі иеленді. Ұлттық салт-дəстүрлеріміз дəріптелген шара жалғасы орталыққа тігілген ақ шатыр ішінде ауыл ақсақалдары мен тұрғындарына, қонақтарға арналған асқа жалғасты. Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесі құтты болсын. Ақ мол болсын.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

25 наурыз 2019 ж. 1 461 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930