Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасы ахуалы – партия назарында

Отбасы ахуалы – партия назарында

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның "Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ" жобасы аясында арнайы бақылауды қажет ететін отбасыларға арналған рейд жүргізілді.
Аталған рейдке аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Әбжәлел Тайберген, АІІБ жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері, полиция подполковнигі Есетова Құрмет Мақсатқызы және АІІБ уческелік полициялары мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты. Аталған рейд барысында арнайы құрылған топ Әйтеке би кентіндегі Елховников көшесі 16 үйдің тұрғыны, жалғызбасты ана Өтешова Әшіркүл, Ә.Молдағұлова көшесі № 23 үйдің тұрғыны Баймбет Оңталап және Бегім ана көшесі № 13 үйдің тұрғыны Кенжебек Еламанның отбасында болып, арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында тұрғындар тарапынан өтініш-тілектер айтылып, мәселелері тиісті орындарға жеткізілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат. 
27 ақпан 2018 ж. 1 324 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 4

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930