Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттікке дейін: Тоқаевтың елді елең еткізген мәлімдемелері

Президенттікке дейін: Тоқаевтың елді елең еткізген мәлімдемелері

Тоқаев Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатыспайды деп болжап, Қазақстанның атауын өзгертуге, ысырапшылдыққа қарсы шыққанын ел ұмыта қойған жоқ.

2019 жылдың 20 наурызы – тәуелсіз Қазақстан тарихында мәңгі есте қалатын айрықша күн. Ел халқы тәуелсіздік алғаннан бері араға отыз жылға жуық уақыт салып, жаңа президентін көрді. Сенаттың экс-төрағасы, қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жақсы таныс. Білімді де білікті саясаткер қоғамда болып жатқан мәселелерден шет қалмай, ой-пікірін ашық білдіріп отырады. Бүгін біз жаңа басшының президенттікке дейін қандай мәселелерге үн қосқанын еске түсіруді жөн көрдік.

Қазақстан атауын өзгертуге қарсы

Осы жылдың басында мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстан Республикасының атауын Қазақ Республикасы деп өзгертуді ұсынған болатын. Алайда мәжілісменнің бұл ұсынысы сол кездері сенатты басқарған қазіргі президенттің көңілінен шықпады.
"Қазақстан Республикасы деген атау қала беруі тиіс. Халықаралық деңгейдегі көптеген келісімшартқа біздің президент Қазақстан Республикасының атынан қол қойды. Елдің атауын өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Бізде бұдан да басқа мәселелер жетеді", — деген еді ол.
Тоқаевтың Назарбаевтың 2020 жылғы президент сайлауына қатыспайтыны туралы мәлімдемесі де қоғамда қызу талқыланып, жұрттың ойын сан-саққа жүгірткен еді. Бұл туралы президент ВВС арнасына берген сұқбатында айтқан болатын.
"Ашығын айтайын, мен президент Назарбаев 2020 жылғы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін. Өйткені ол ақылды адам, өте парасатты. 2020 жылы бізде президент сайлауы Назарбаевтан басқа кандидаттармен өтеді деп ойлаймын", - деген Тоқаев мұны өзінің жеке пікірі екенін еске салған еді.
Араға біршама уақыт салып, Тоқаевтың айтқаны айдай келді.
Ал журналистің "өзіңіз 2020 жылы президент сайлауына түсуді жоспарлап отырсыз ба?" деген сауалына Тоқаев: "Олай айтпас едім" деп жауап берген болатын.

"Көзбояушылық пен ысырапшылдыққа жол бермеу керек"

Қасым-Жомарт Тоқаев – күні бүгінге дейін твиттер желісін белсенді қолданып келген саясаткер. Кез келген мәселеге қатысты өзінің ой-пікірін твиттер арқылы жеткізетін. Енді, президент қызметіне кіріскеннен кейін желіде "отырып-отырмайтынын" уақыт көрсетеді. Қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарында талай мәрте жазылып та, айтылып та жүрген тойдағы ысырапшылдық мәселесіне Тоқаев та үн қосқан еді. Жаңа президент қазақтың тойларын жаңа форматта өткізуге қатысты ұсынысты қолдайтынын білдірген болатын.
"Көзбояушылық, даңғазалық, ысырапшылдыққа жол бермей, бауырлас өзбек, түрік, түрікмен xалықтары сияқты ұлттық дәстүрге баса мән беруіміз қажет",- деп жазған еді ол твиттердегі парақшасында.
Сонымен қатар, белгілі әртіс Тұрсынбек Қабатовтың мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабақтарын енгізу жайлы ұсынысы да Тоқаевтың көңіліне жақты.
"Факультатив ретінде енгізуді қолдаймын", - деді ол.
Елбасының елде Домбыра күнін бекіту туралы шешімін де қуана қарсы алғандардың бірі.
"Бұл мереке дәстүрлі түрде өткізілетініне күмән жоқ. Осындай күн мемлекетіміздің айналасында болып жатқан аxуалда елімізге ұдайы қажет. Домбыра күні xалқымызды біріктіреді, оның еңсесін көтереді", - деп санайды Тоқаев.

"Әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек"

Былтыр жазда Қасым-Жомарт Тоқаев ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап үйретуді құптамайтынын білдірген еді. Тоқаевтың пікірінше, тіл – үлкен саясат, сондықтан әуелі қазақ және орыс тілдеріне ден қою керек.
"Бірінші қыркүйекте жаңа оқу жылы басталады, бұл оқу бағдарламалары туралы ойланатын қисынды себеп. Мысалы, ағылшын тілін бірінші сыныптан үйретудің қаншалықты қажеті бар? Осы тілде толығымен дайындалған мұғалімдер жеткілікті ме?", - деп жазған болатын ол твиттерде.Мектептердегі зорлық-зомбылық пен жастардың дінге деген көзқарасы да жаңа президенттің алаңдаушылығын туғызған еді.
"Жастардың дінге деген көзқарасы мұқият зерделеуді қажет етеді. Мектептердегі жүріс-тұрыс әдебі мен киім кию үлгісі халықаралық тәжірибені, ең бастысы, халқымыздың ұлттық дәстүрлерін негізге алуы керек", - деген болатын ол.

Қазақтардың шоқындыру мерекесінде суға түсуін құп көрмейді

Шоқындыру христиандардың мерекесі болса да, мұздай суға түсу үшін "ойыққа" мұсылмандардың да жиналатыны жасырын емес. Жыл сайын қаңтардың орта кезінде талай дау туғызатын осы мәселеге Тоқаев та пікір білдірген еді.
"Меніңше, қасиетті "Крещение" кезінде қазақтардың топырлап жапа-тармағай суға түсуі орынсыз әрекет сияқты. Сырттан, әсіресе, шетелден келген адамдарға бұл әрекет ерсі болып көрінеді", -деп жазған еді әлеуметтік желідегі парақшасында.



22 наурыз 2019 ж. 3 268 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031