Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер

Тоқаев президент болса, елдің бағы жанады – шетелдік саясаткер

  Орджоникидзе Қасым-Жомарт Тоқаевты мықты мемлекет қайраткері деп атады
  Президенттің міндетін уақытша орындаушы Қасым-Жомарт Тоқаев жақсы дипломат, мемлекет қайраткері деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзе.
  19 наурызда Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдеді.    Қазақстан президенті міндетін уақытша атқару парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды.
  "Бұл кісі менің орныма БҰҰ бас хатшысының орынбасары болған еді. Білімі терең, өте сауатты жан. Біздің елшілікте – Кеңес Одағының Қытайдағы елшілігінде қызмет етті. Ағылшын тілін де, қытай тілін де жетік меңгерген. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Елшілікте қытай тілін ең жақсы білетін адам сол еді", - деді Орджоникидзе РИА Новости агенттігіне пікір білдіріп.
  Оның айтуынша, Тоқаев – "жақсы дипломат, мемлекет қайраткері".
  "Бұл лауазымды кездейсоқ иеленіп отырған жоқ, ол шынымен өте мықты мемлекет қайраткері. Сондықтан ол президент болса, Қазақстанның бағы жанды деген сөз", - деп санайды Орджоникидзе.



https://sputniknews.kz

20 наурыз 2019 ж. 2 057 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031