Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұңғылаға да, сұрқияға да сыр алдырмастан тағын тапсырды

Сұңғылаға да, сұрқияға да сыр алдырмастан тағын тапсырды

ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттікті тоқтату туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекболат Тілеухан бұл күннің болары анық екенін, алайда, мұндай жеделдікті күтпегенін айтты.
«Жарық күндегі найзағайдай тосын жайт. Құлағыма сенбедім. Рас екен. Құлазып қалдым. Өзі айтпақшы, өмір заңы! Зу етіп көз алдымнан ширек ғасырдан астам уақыттың тізбегі өте шықты. Қазақтың қатарға қосылып, байрақ көтерген бақытты шағы. Қандасын қарашаңыраққа қайтарған, Астанасын анықтап, шекарасын шегендеп, аузы аққа тиген бақытты шағы! Төрткүл дүниенің төрт бұрышына барса да, «Мен қазақпын» деген сөзді қаймықпай, қомсынбай айтатын дәрежеге жеткен бақытты шағы! Жауын күйіндіріп, досын сүйіндірген мұнарадай мұнартқан шағы!», - деп жазды Б. Тілеухан Фейсбук парақшасында.

Сол мұнараны қолымен қалаған қалаулы жан қараша халқына өкілеттігін өткізетінін айтты. «Отыз жыл ел басқарғанда, қандай қадам жасарын жатқа да, жақынға да болжатпаған сарабдал қалпынан танбай сөйледі. Сұңғылаға да, сұрқияға да сыр алдырмастан тағын тапсырды. Тарих-шалдың өзі таң қалғандай.
Үйрене жүріп үйреткен, үйрете жүріп үйренген, албыртты ауыздықтап, салғыртты қамшылап, ақсақалдың ақылына, жастың жалынына, елдің сабырына сүйене жүріп, қазағын шыңға бастаған бейбіт те берекелі отыз жыл отыз күндей болмай өте шығыпты», - деді ол.
Депутат Нұрсұлтан Назарбаевты ақылы мен қадірі асқан асыл тұлғаға теңеді.

«Ат төбеліндей өз елі түгілі, алпауыт өзге елдің көсемдері кеңесіне жүгініп, ара ағайындыққа салса, ақылының асқандығы да! Жұрты қимаса, қадірінің асқандығы да! Алаштың алғысы айрықша өзіңе, асыл тұлға Нұр-ағам!», - деді Бекболат Тілеухан.
20 наурыз 2019 ж. 951 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 310

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031