"Мен адамдардың аштығынан қорықпаймын, тоқтығынан қорқамын"

(Пауло Коэльо)
Есіңде болсын:
ауырлықсыз жеңілдеу болмайды, жоғалтусыз табу болмайды, сабырсыз жеңіс болмайды.
***
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар:
Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан;
бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
(Омар Хайям)
***
Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді.
(Конфуций)
***
Көздің жасын сүрткенше, сізді жылатқан адамды өміріңізден сүртіңіз.
***
Ешқашан саған сенетін адамды алдама. Cені алдаған адамға ешқашан сенбе.
(Бернард Шоу)
***
Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам да болмайды.
***
Сізді жақтырмайтын адамдарға назар аудармауға тырысыңыз.
Себебі сізді жақтырмайтындардың екі түрі болады: ақымақтар және қызғаншақтар.
***
Ақымақтар бірнеше жылдан соң сізді жақсы көріп кетеді, ал қызғаншақтар сіздің артықшылығыңыз қандай екенін біле алмай іштен өледі.
***
Адам ақылды болған сайын қарапайым келеді.
(Цицерон)
***
Адамға бақытты болу үшін көп нәрсе керек емес.
Қамқор өмірлік жолдас, жайлы үй және сүйікті балалары болса жеткілікті.
Бірақ көп адам осыны кеш түсінеді...
***
Саған сенген адамдардан теріс айналма.
***
Ақылды адам өзгелердің кемшіліктерін көріп өз кемшіліктерінен арылады.
(Сир Публилий)
***
Адасып барып,
Таласып талып,
Сүрініп сосын ес кірді,
Адамның нағыз бақытты шағы,
Сүймеген кезі ешкімді...
(Мұқағали Мақатаев)
***
Қыран құсты қыран етіп, аспанға самғытқан екі қанаты, ал адамды адам етіп, қырандай самғaтатын, арманы мен мақсаты.
***
Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл.
(Жүсіп Баласағұни)
***
Негізі ең күшті адамдар - сабырлы, салмақты адамдар.
***
Сіз туралы жаман ойлайтындар - сізден әлсіз адамдар. Мықты адамдар сіз жайлы ойлауға уақыттары жоқ.
(Шарль Талейран)
***
Жүрегі сұлу адам ғана, өзгелердің бойынан сұлулықты байқайды.
***
Адам кеудесінен жаны шыққанша сенуді тоқтатпау керек.
***
Есіңізден шығармаңыз: әр адамның өз шындығы бар. Ол сіздікімен сәйкес келмеуі мүмкін.
***
Адамның бәрі жұлдыз, бірақ жарқырап жану бәрінің қолынан келмейді.
(Мэрилин Монро)
***
Адам жақсыны арман етсе, өмірде бәрі де жақсы болмақ.
(М. Горький)
***
Мен адамдардың аштығынан қорықпаймын,
Мен адамдардың тоқтығынан қорқамын.
(Лев Толстой)
***
Адам үшін үміт – жанармай секілді. Үмітсіз ол өмір сүре алмайды.
***
Адамның ең әлсіз тұсы - бір оның сезімі.
***
Адам өзінің кім екендігін жалғыз қалғанда ғана айқын сезе алады.
***
Әр адам — бір-бір жұмбақ.
(Шерхан Мұртаза)
***
Өз өмірінің қызығы жоқ адамдар, әдетте басқаның өміріне жағаласады.
***
Адамды бағала - әйтпесе естеліктерді бағалайтын боласың.
***
Түкке тұрғысыз нәрселерді жүрекке қабылдай беретін адам - махаббатқа адал келеді.
(Лев Толстой)
***
Барлық адам қателеседі, бірақ қателесушілердің арасындағы ең жақсысы өз қателігін мойындап тәубеге келгені.
(Мұхаммед (с.а.с.))
***
Адамдар біздің жақсылығымызды ұмытады, бірақ істеген қателіктерімізді есіңде мәңгі сақтайды.
***
Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
(Омар Хайям)
***
Адамдарға сенiң құрғақ сөзiң емес, жасаған iс-әрекетiң маңызды.
***
Аузы жабылмайтын адамның ішінде түк те жоқ.
(Оноре де Бальзак)
***
Бақытты адам - өткенге өкінбейтін, болашағынан қорықпайтын және біреудің өміріне араласпайтын адам.
***
Барлық адамның тағдыры бір жерде түйіседі: құл да өледі, қожайын да өледі.
(Жүсіп Баласағұни)
***
Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)