Дүйсенбі күні неге шаршап жүреміз?
Дүйсенбі ауыр күн деп жатады. Оның себебі мынада – екі күндік демалыста адам өзінің биологиялық ырғағын бұзып алады. Дүйсенбі күні ми екі есе баяу жұмыс істейді. Бұл күні адам 3,5 сағат қана өнімді қызмет етеді, ал қалған сағаттарда ойы он бөлек болады. Бұл – дәлелденген ақиқат. Одан шығатын жол ретінде психологтар жиі жымиюды ұсынады. Көңіліңізді көтеріп, бұл күнді барынша пайдалы етіп өткізуге тырысыңыз.
Аптаның бірінші күніне байланысты халық арасында қандай ырымдар бар? Дүйсенбіде ұзақ сапарға шығуға, біреуге қарыз беруге болмайды. Бұл әрекет сәтсіздікке әкелуі мүмкін. Бірақ көршіңізге бір затыңызды уақытша бере тұрсаңыз, тұрмыста олжаға бөленесіз. Егер дүйсенбіде түшкірсеңіз, аптаның аяғына дейін біреуден сыйлық аласыз. Дүйсенбі – тіс жұлдыруға оңтайлы күн. Дүйсенбі қалай басталса, апта бойы өміріңіз сол бағытта жүреді деген наным бар.
Еврейлер дүйсенбіде той жасамайды. Тайландта аптаның бірінші күнінің төл түсі бар, ол – сары. Батыс музыканттарының әндерінде дүйсенбі күйзеліске бейім, мазасыз күн ретінде қаралады.
Статистика бойынша, Нидерланд елінде адамдар өздеріне дүйсенбі күні қол жұмсайды екен. Ал қазақтар екі күндік демалыстан кейін дүйсенбі күні жұмысқа кіріседі.