Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүйгеніне қатарынан 42 жыл ұсыныс жасаған қария 72 жасында дегеніне жетті

Сүйгеніне қатарынан 42 жыл ұсыныс жасаған қария 72 жасында дегеніне жетті

   Колин Джонс пен Полина Янг 1976 жылы танысқан. Бір жыл бойғы кездесуден кейін ер азамат іздеген адамы Полина екенін түсінді. Бірақ әйел Колиннің тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабылдамапты. Осылай Полина жыл сайын Колиннің отбасын құру туралы ұсыныстарынан бас тарта берген. 42 сәтсіздіктен кейін олар өздерінің қарым-қатынасын заңдастырып, некеге отырды хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
  Колин мен Полина алғаш рет балалардың ойын алаңында кездесіпті.
  Ер азамат сүйгеніне бір көргеннен ғашық болғанын жеткізген.
  Алғашында олар Англияның Уэльс қаласында тұрған, бірақ 14 жыл бұрын Полина Мальтаға көшіп кетуге шешім қабылдайды. Онда ғашықтар кішігірім қонақ үй ашып, бірге жұмыс істепті.
   "Біз 43 жыл бойы бірге болдық. Көптеген жұптар осылай дейді, бірақ олар бір-бірін қанша уақыт көреді?
Жұмысқа барар алдында бір сағат және жұмыстан кейін бір сағат. Ал біз бірге өмір сүріп, бірге жұмыс істедік",- деді Колин.
  Қариялардың айтуынша, адамдар уақытты бірге өткізген кезде ғана бір-бірінің мінезіндегі кемшіліктерді байқайды.
   Колин мен Полина заңды түрде некеге тұрмаса да, өмір бойы бірге тұрып, бір-бірін жақсы түсініп келді.
09 наурыз 2019 ж. 1 542 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930