Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміт пен сенім ұялатты

Үміт пен сенім ұялатты

Қазір мемлекет әйел-аналардың тұрмысын жақсартуды жүйелі қолға алып жатыр. Кеше ғана Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде сөйлеген сөзінде Елбасымыз Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлуді тапсырды. Онда көпбалалы аналардың отбасына жағдай жасап, әр балаға төленетін жәрдемақыны көтеріп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Отбасында ана әр баланың тағдыры үшін жауапты. Сондықтан қазіргі әрбір мүмкіндіктің пайдасы зор. Көрсетіліп жатқан қамқорлық көпбалалы аналардың көкейіне үміт пен сенім ұялатты.

Сексеннің сеңгіріне шыққан біздің қатарларымыз талай тауқыметті көрді. Балалық шақтың бал дәмін тататын уақытта егіс алқаптарында тынбай еңбек еттік. Тойып тамақ та ішпедік. Бүгінгі ұрпақ оның бірін де көрген жоқ. Лайым ешқашан көрмесін деп тілеймін. Әрдайым елімізде бейбітшілік болып, балаларымыз бақытты ғұмыр кешсін.
Базаркүл СЕЙІТНЕСІПОВА,
тыл ардагері, «Күміс алқа» иегері.
Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғыны.
07 наурыз 2019 ж. 1 227 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930