Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы ана атану – нағыз ерлік

Көпбалалы ана атану – нағыз ерлік

Мен өмірге үш ұл мен бес қыз әкеліп, тәрбиелеп өсірген бақытты анамын. Бұл күнде балаларымнан өрбіген 29 немере мен 23 шөберенің сүйікті әжесімін. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Алтын алқаны» да омырауыма тақтым.

Бұл күнде тоқсан бірдің көктемін қарсы алғалы отырған мен бұл өмірге дән ризамын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанды әлемге танытты. Қазіргі заманның балалары бақытты. Олардың саналы тәрбие, сапалы білім алып, кез келген мамандықты игеруге жағдай жасалған.

Жақында Астана қаласында өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде Президент әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын күшейтуді, атаулы көмекті арттыруды тапсырды. Жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы төленеді. Бұндай көмекті төрт және одан көп баласы бар отбасылар алады екен. Бұл ардагер аналар қатарындағы мен үшін де қуанышты жаңалық болды. Мемлекет басшысының алқалы басқосудағы берген тапсырмаларының уақытылы орындаларына сенімдімін.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын. Ұрпағымыз көбейе берсін! Мереке құтты болсын!
Күлсан ИСМАЙЛОВА,
тыл ардагері, «Алтын алқа» иегері.
Қазалы қаласының тұрғыны.
07 наурыз 2019 ж. 2 398 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031